Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Өрнек ауылдық округі әкімінің есебі

Өрнек ауылдық округінің әкімі Е. Жолбайдың

2016 жылда атқарылған жұмысы туралы

ауыл тұрғындары алдындағы есебі

 

 Құрметті ауыл жұртшылығы!

 Елбасының Жарлығына сәйкес, жыл сайын атқарылған жұмыстарды Сіздердің назарларыңызға жеткізіп, алдағы жоспарлармен бөлісіп есептік кездесу өткізу дәстүрге айналды.

Биыл тағы бір жылды артқа тастап, жасалған жұмыстарды қорытындылап, жаңа жоспарлармен алға қадам бастық.

Өткен жылы жалпы елімізде, соның ішінде біздің ауылымызда да толымды істер жасалынды, нәтижелі жыл болды.

Біздің мақсатымыз белгілі, ендігі жүретін бағытымызды Елбасы айқындап берді. Енді осы міндеттерді жергілікті жерлерде іске асыруымыз қажет.

Өрнек ауылдық округі әкімінің аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жергілікті мемлекеттік басқару өкілеттігі және өзін-өзі басқару функциялары бойынша ауылдық округте мемлекеттік саясаттың жүргізілуін, мемлекеттік мекемелердің үйлесімді қызмет істеуін, әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйін, қоғамдық қатынастардың реттелуiн, азаматтармен өзара қарым-қатынас орнатуды қамтамасыз етуде өз қызметін жүргізіп келеді.

Өрнек ауылдық округінде 2 елді мекен орналасқан:

- Өрнек ауылында - 420 аула бар, онда 2357 халық тұрады.

- Жұма елді мекенінде -50 аулада 290 халық тұрады. 

Округ аумағында барлығы – 470 аула, 2647 халық тұрады.

Ауылдық округте 7 ұлт өкілдері тұрады. Олар; қазақ, орыс, татар, өзбек, грек, қытай, украин халықтарының өкілдері.

Округтегі елді мекендегі барлық жер көлемі - 2006,13 га  оның ішінде:

Өрнек ауылында - 1964,13 га,  Жұма стансасында - 42 га жер бар.

Округ бойынша:

Зейнеткерлер саны – 293, көп балалы аналар саны – 115, интернационалист жауынгерлер саны – 6, тыл еңбеккерлері саны – 62, мүгедектер саны – 57, 18 жасқа дейінгі жәрдемақы алатын жанұялар саны – 70, экономикалық белсенділер саны – 1339 адам және  барлығы бірдей маусымдық  жұмыспен қамтылған.

Ауылдық округ аумағында №17 Жамбыл колледжі, «Б.Тайшапұлы» орта мектебі, «Жұма» бастауыш мектебі, «Гүлдер» бала-бақшасы, Өрнек дәрігерлік амбулаториясы, «Жұма» фельдшерлік пункті, ауылдық клуб, ауылдық кітапхана, Өрнек пошта бөлімшесі бар.

         Есепті мерзімде ауылдық округтегі «Рәпілбек» мешітіне демеушілердің көмегімен 150 мың теңгеге  бейне бақылау камерасы қойылды.

Округімізде 2016 жылы атқарылған жұмыстар, бюджет қаржысының жұмсалуы туралы есептер барлық цифрлармен аудандық газет бетінде  жарияланды. Оны өздеріңізде оқып, танысқан боларсыздар. Сондықтан, бүгін Сіздердің алдарыңызда соларға қысқаша тоқталып, алдағы жасалуы тиіс жұмыстарды бірге талқыласақ деймін.

Өрнек ауылдық округі әкімінің аппаратында 7 мемлекеттік қызметші және келісім-шарт арқылы 10 қызметші қызмет атқарады.

Ауылдық округі әкімінің аппаратының 2016 жылғы жеке жоспарына сәйкес 30 млн теңге жергілікті бюджеттік төлемдер бойынша қаржыландыру бекітіліп, қаражаттар толығымен игерілді.

Сонымен қатар, жеке бақылау шотына (КСН) түскен бойынша         1 млн 500 мың теңге ішінен қауымдастықтың келісімен Өрнек ауылындағы 3 су мұнарасының қоршауына тікенек сымтемір орнатуға 320 мың теңге және қоқыс салатын контейнерлерге 150 мың теңге, ауылдық әкімшілік ғимаратының архивіне 90 мың теңге, көктемгі - күзгі тазалық жұмыстарына 200 мың теңге, әкімшілікке компютер алуға 200 мың теңге, ветеринарияға арналған үйді жалдауға 107 мың теңге және тағы да басқаға жұмсалды.

2016 жылы ауылдың ішкі көшелерін орта жөндеуден өткізуге бөлінген  24 млн 149 мың теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Атап айтқанда, Өрнек ауылы А.Омаров көшесіне асфальт жабындысын төсеп орта жөндеуге 9 694 000 теңге және «2020 жол картасы» бойынша осы көшені жарықтандыруға 3 500 000 теңге қаражат жұмсалды.

Сол сияқты, «2020 жол картасы» бойынша Өрнек ауылы Ә.Кемелбай көшесіне орта жөндеуге 4 105 314 теңге, Жұма станциясындағы Көктөбе көшесіне орта жөндеуге 3 849 172 теңге қаражат жұмсалды.

«Өңірлерді  дамыту» бағдарламасы аясында Өрнек ауылы Ғ.Мұратбаев көшесіне орта жөндеуге 3 000 000 теңге қаражат жұмсалды.

Осы бөлінген қаражаттардың барлығы мерзімінде толығымен игерілген.

2016 жылы ауылдық округ әкімі аппаратына жоғарғы органдардан барлығы  – 941 құжаттар келіп түскен. Осы құжаттардың барлығына арнайы кәртішкелер толтырылып, тиісті іс-шаралар қабылданды және мерзімінде мәліметтер жолданды.

Ауыл әкімімен 13 шешім шығарылған.

Ауылдық округ әкімі жанында «Ардагерлер алқасы», «Әйелдер кеңесі», «Төтенше жағдай комиссиясы» жұмыс істейді. Бұл кеңестер мен комиссиялар өз жұмыс жоспарларына сәйкес жұмыс жүргізіп келеді.

Төтенше жағдайға қатысты ауыр техника яғни, тракторы бар ауыл тұрғыны А.Омаровпен әкімшілік арасында келісім-шарт жасалған және шарт талаптарына сәйкес ауылішілік жолдарын қардан тазарту,  опашка жасату сияқты жұмыстарды атқаруда.

          2016 жылға есептелінген салық жоспары және оның орындалуы.            

 

 

Жоспар

Орындалғаны

%

2015 ж

2016ж

2015ж

2016ж

201

201

1

Жер салығы

401127

392216

401127

392216

100%

100%

2

Мүлік салығы

20920

20682

20920

20682

100%

100%

3

Көлік салығы

1400000

1351000

1400000

1351000

100%

100%

      

Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің талаптарына сәйкес  салықтан босатылғандар жалпы саны -  70 адам. Оның ішінде:  ҰОС ардагерлеріне  теңестірілгендер – 10, алтын алқа иегерлері – 39, интернационалист жауынгерлер – 4, ІІ,ІІІ – топтағы мүгедектер – 20, Семейде әскери борышын өтеген – 1.      

           

Ауыл шаруашылығы 

          Өрнек ауылдық округінің жалпы жер көлемі - 21570 га, оның ішінде егістігі - 3667 га, жайылым жерлер - 13182 га, шабындық жерлер - 0 га, суармалы жер - 1963 га, тәлімді жерлер - 1704 га.  

Ауылдық округте 120 шаруа қожалығы тіркеліп жұмыс жүргізуде.

Жалпы алғанда, ауыл тұрғындары мал шаруашылығымен және көпжылдық жоңышқа, арпа, бидай, мақсары, жүгері сияқты дақылдарды егумен айналысады.

Есепті мерзімде, округ бойынша күздік бидай – 30 га, жаздық арпа - 350 га одан алынған өнім 802 тонна, жүгері - 10 га, одан алынған өнім 50 тонна, картоп - 4 га, одан алынған өнім 82 тонна, мақсары - 400 га, одан алынған өнім 250 тонна, өткен жылға көп жылдық шөптер (ескі жоңышқа) - 2268 га, одан алынған өнім 10500 тоннаны және көкөніс 20 га, бақша 20 га құрады.

2016 жыл соңына дейін жалпы 142,7 га сүдігер көтерілді, оның ішінде 28 га қант қызылшасына,    55 га арпа, 5 га жүгері, жоңышқа 30,7 га, күздік бидайға 14 га.

Қазіргі таңда тиімді алқаптарға қант қызылшасын егуге                      4 шаруашылық ниет білдіріп отыр. Алдағы уақытта осындай шаруашылықтардың санын ұлғайту жұмыстары (егіс көлемінің тізбесін жасау, тұқыммен, жеңілдетілген жанармаймен, минералды тыңайтқыштармен және бірінші кезекте суғарумен қамтамасыз ету бойынша анықтау, түсіндірме жұмыстары т.б.с.с.) атқарылатын болады.

2016 жылы егін шаруашылығы бойынша, басым бағыттағы дақылдар үшін (көктемгі егіс және егін жинау) «Еркеғали», «Игілік» шаруа қожалықтарына   жалпы көлемі 122 мың 700 теңге субсидиялар  берілген.

Айта кететін жайт, ауылдық округте жер игеру төмен деңгейде.

Техниканың жетіспеушілігі, ағын су мәселесі - осыған кедергі болатын басты фактор екенін білеміз.

Сондықтан, бұрын ыдырап кеткен ұжымдық шаруашылықтарды қайта құруды қолға алу қажет. Жеке-дара еткен кәсіптен тойымды нәсіп болмайтынын түсінетін кез келді. Өйткені, ауыл шаруашылығын реформалау мақсатында қабылданып жатқан заңнамалар мен бағдарламалар, оларды іске асыру механизмдері осы қағидаға әкеліп отыр.

Қазіргі таңда, соның бірі ауыл шаруашылық кооперативтерін құру мәселесі.

Осы орайда, Қазақстан Республикасының «Ауылшаруашылық кооперативтері туралы» Заңындағы ереженің негізгі формалары «ауылшаруашылық кооперативтері» деген заңды тұлғалар дербес тобына біріктірілген және бірыңғай түсінік берілген.

Бұл дегеніміз, олардың  шаруашылық жүргізудің басқа формалардан айырмашылығы бар, атап айтқанда – өндірісті ұйымдастырудың ерекше формасымен, оның мүшелерінің мүліктік жарналарын өз еріктерімен біріктіру жолымен олардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға, ауылшарушылық тауар өндірушілердің өздерінің пайдасын қамтамасыз етуге және ауылшаруашылық өнімін өндірушіден тұтынушыға тікелей беруге бағытталған.

Бұл тұрғыда, бірігіп сүт қабылдау пунктін құруды қарастыруды ойластыру қажет деп санаймын.

«Агробизнес–2020» бағдарламасы аясында:

Құлан бағдарламасы арқылы «Еркеғали» шаруа қожалығы 10 млн 900 мың теңге несиеге 42 бие, 5 айғыр малын сатып алды (жоспар бойынша – 1 немесе 100% орындалды).

Мал басының өсу тенденциясы қалыпты сақталып келеді. Ірі қара 820 басқа, қой-ешкі 4000, жылқы 20 басқа өскені байқалады.

 

       

 

Мал басы

+,

2015  жыл

2016 жыл

1

Ірі қара

1475

2295

+ 820

2

Қой-ешкі

11008

15008

+4000

3

Жылқы

889

909

+20

4

Үй құстары

3860

6992

+313

 

 

Ветеринариялық іс-шаралар

         Малдардың аса қауіпті індетін болдырмау мақсатында мемлекет тарапынан 2016 жылы эпизоотиялық іс-шараларға 2 млн 242575 мың теңге қаражат қаралып, толығымен игерілді.

Сарп ауруына тексерілген мал басы: (қан алынғаны) Ірі қара – 3100 бас, қой-ешкі  – 13000 бас.

Округ бойынша бруцеллез ауруына шалдыққан мал басы: Мүйізді ірі қара – 2 бас, қой-ешкі – 26 бас, малдардың барлығы уақытылы жойылды.

Мал сою алаңында сойылған мал басы: Мүйізді ірі қара – 18 бас, мүйізді уақ мал – 67 бас, жылқы малы – 12 бас.

Бірдейлендірілген мал басы: Мүйізді ірі қара – 1200 басқа сырға, уақ мал – 8000 басқа сырға, жылқы – 200 басқа чип салынды.

Биотермиялық шұңқырда жойылған мал басы: Мүйізді ірі қара – 13 бас, уақ мал – 9 бас, жылқы – 3 бас құлындар, ауланған қаңғыбас иттер – 198 бас. (Өрнек, Ерназар, Тоғызтарау)

 

Кәсіпкерлік

           Округ аумағында халыққа қызмет көрсету мақсатында «Мейіржан» «Аян», «Нұртай» дүкендері жұмыс істейді және ауыл тұрғындарын күнделікті тұтыну тауарларымен қамтамасыз етеді.

Бұл дүкендер, тұтынушыларға азық-түлік тауарларын бөлшек саудадағы тауар айналымына белгіленген бағаларға сәйкес сатуда және шекті бағадан аспауы әкімшілік тарапынан әрдайым бақыланып отыр.

Есепті мерзімде, ауылдық округ әкімінің аппараты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын төмендетілген бағалар бойынша ауыл тұрғындарын қамтамасыз ету мақсатында операторды анықтап, яғни  100,0  мың теңгеге жеке кәсіпкер «Сабралиева Н.» ұн, қант, күнбағыс майы тағы басқа тауарларды жеткізіп, төмен бағамен сатып үлестірді. Бүгінгі таңда да бұл жұмыстар жалғастырылып 156 мың теңгеге ауыл тұрғындарына төмендетілген бағалармен азық-түлік тауарлары сатылды және шаралар жалғастырыла бермек.  

 

Ауыз су жүйесі коммуналдық қызметі

Өрнек ауылында 3 су көтергіш мұнарасы арқылы ауыл тұрғындарына  және бюджеттік мекемелерге таза ауыз су берілуде.

Өрнек ауылында 100 аулада су есептегіш құралдары орнатылып, белгіленген тариф бойынша қалғандары суға төлемақыларын адам басына төлеуде. Нақты су баратыны 310 аула.

Жұма ауылында  1 су көтергіш мұнарасы жұмыс істейді, 35 аула таза ауыз сумен қамтылған.

2016 жылдың қаңтар айынан бастап Өрнек ауылындағы 3 су көтергіш мұнарасы ауылдық әкімі аппараты теңгеріміне өткен.

 2016 жылы аталған су мұнараларына кеткен жалпы шығындар          5 млн 212239 мың теңгені құрады. Оның ішінде, жөндеу жұмыстарына            1 млн 141109 мың теңге, электроэнергиясына 3 млн 748909 мың теңге, дезинфекциялауға 187500 мың теңге, лабороториясына 134721 мың теңге қаражат жұмсалды.

         

Халықты әлеуметтік қорғау және қамсыздандыру шаралары

2016 жылы округ бойынша 58 бала дүниеге келсе, керісінше қайтыс болғандар 17 болып отыр. 

 2016 жылы округтегі 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы, атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын-үй жәрдемақысын  тағайындау жөніндегі комиссияға тұрғандардан барлығы 70 өтініш түскен болатын. Түскен өтініштер арнайы комиссияда қаралып, уәкілетті органға  жіберіліп, қанағаттандырылды. 

Есепті мерзімде, аз қамтылғандар санатына жататын 48 адамға  160 мың теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді.

Атап айтқанда, ауылдық округ әкімі аппаратының ұйымдастырумен «Мектепке жол акциясы» аясында мерекелік шара ұйымдастырылып, демеушілер тартылып, аз қамтылған отбасы балалары 20 оқушыға мектеп формасы, оқу құралдары, аяқ-киім және сумкалар табысталды. 

Сол сияқты іс-шаралар Тәуелсіздік күні мерекесіне орай 6 аз қамтылған отбасыларының әрқайсысына 5 мың теңгеден ақшалай және азық-түлікпен көмек көрсетілді.

Ауылдағы тұрмысы төмен отбасылары және қарт кісілерге ағаш отыны түсіріліп берілді.  

Сонымен бірге, Тәуелсіздік күніне аудан әкімімен арнайы ұйымдастырылған қайырымдылық акциясына мүмкіндігі шектеулі         1 ата-ана және аз қамтылған 4 отбасы Тараз қаласындағы «Марат» мейрамханасына жіберілді.

Бұдан басқа, «Жаңа жыл – 2017» мерекесі қарсаңында ауылдық клубта мерекелік іс-шара өткізіліп, 22 отбасына 22 мың теңгеге жаңа жылдық сый қалталар табыс етіліп, ауылдық мекемелер, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары шақыртылып концерттік және шоу-бағдарламалар қойылды.        

Ақылы қоғамдық жұмыс орындарына 4 адам қамтылды. Олар ауылдық округтегі тазалық жұмыстарын атқарды.

         «Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша:

Жалпы бағдарламаға қатысушылар - 15 адам, оның ішінде жастар тәжірибесінен - 1 адам, кәсіптік даярлаудан - 5 адам, несие алғандар - 3 адам, ивестициялық жұмысқа орналасқандар - 11 адам.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында ауыл тұрғыны Макулбеков Жандос мал бордақылау мақсатында 2 млн 900 мың теңге несиеге 20 бас мүйізді ірі қара алды.

Сонымен қатар, ауыл тұрғыны Шамшиева Тұрсынкүл 2 млн 700

теңгеге жылқы малын алды.

Құлан бағдарламасы аясында  «Атшабар» шаруа қожалығы  Амалов Жанысбек 7 млн 400 мың несиеге жылқы малын алып, өз шаруасын жүргізуде.

 

Денсаулық сақтау

Өрнек дәрігерлік амбулаториясы Өрнек, Жұма, Ерназар, Тоғызтарау елді мекендеріне қызмет көрсетеді.

Есепті мерзімде қабылдауда болған науқастар саны-3800. Күндізгі жатып ем алғандар -124. Есептегі жүкті әйел саны-45, оның ішінде жоғары топтағы әйелдер -12. «Д» есептегі науқастарға жұмсалатын тегін дәрілер есебі -3 млн. 731 мың 116 теңге. Күндізгі үйге шақырту-520. Түнгі үйге шақырту- 4300. Бүгінгі күнге амбулатория толығымен халыққа қызмет көрсетуде. 

Жұма медициналық пунктінде 1 медбике, 1 кіші қызметкер және 1 қарауыл жұмыс атқарады.  «Ана мен баланы қорғау  бағдарламасын» іске асыру мақсатында Республикалық бюджеттен тегін берілетін дәрілерге берілген қаражат жоспар бойынша игерілуде.

 

Білім беру

Өрнек ауылы Б.Тайшапұлы орта мектебінде 67 ұстаз жұмыс атқарады және 480 бала білім алуда.

Мектеп оқушыларының жалпы білім сапасы – 64,7% құрап отыр.

         Орта мектепті 2016 жылы 22 бала бітіріп ҰБТ қатысты және 66,8 орташа бал жинады.

         Оқу жылына 2 556 000 теңге көлемінде 30 бала бір реттік ыстық тамақпен қамтылған.

2016-2017 оқу жылындағы жылыту маусымына 3 744 000  теңгеге 300  тонна көмір алынды.

Мектепті ағымдағы жөндеуге (сырлау, әктеу) 480 000  теңге жұмсалды.

Жұма станциясынан екі ауысымда қатынап оқитын 40 баланы тасымалдайтын автобусқа 450 000  теңгеге жанар-жағар майға бөлінген.

Мектеп жанынан жұмыс жасайтын «Мейірім» шағын орталығын жабдықтауға 250 000 теңге бөлінді.

         Жұма бастауыш мектебінде 26 бала білім алуда , оның ішінде:

Мектеп алды даярлық тобында – 6 бала,1 сыныпта –  5 бала, 2 сыныпта –  7 бала, 3 сыныпта –  3 бала, 4 сыныпта -  5 бала оқиды.

5 мұғалім дәріс  беруде, барлығы жоғары білімді.  7- кіші қызметкерлер жұмыс атқарады. Қазіргі уақытта 2 компьютер жұмыс істеп интернет қосылған.

           Өрнек ауылындағы «Гүлдер» бала-бақшасында 31 қызметкер жұмыс істейді, 50 бала тәрбиеленуде.

  Сонымен қатар, Өрнек ауылында №17 Жамбыл колледжі бастауыш кәсіптік білім беруді қамтамасыз етуде. Колледж кәсіптік бағдар бойынша «Ауыл шаруашылығы фермері», «Автокөлікті жөндеуші слесары», «Газбен және электрмен пісіруші» мамандықтарын дайындайды.

Колледжде 60 қызметкер жұмыс атқарып, 172 білімгер білім алуда.

Колледжде 240 орындық оқу корпусы, 72 орындық асхана, 50 орындық жатақхана, 1 оқу өндірістік шеберхана, 4 зертхана, 1 оқу жаттығу автодромы бар.

2015-2016 оқу жылында үш мамандық бойынша 85 білімгер бітіріп шықты.

2016-2017 оқу жылында үш мамандыққа мемлекеттік тапсырыс негізінде 75 оқушы қабылданып отыр.

 

Әскери қызмет

          2016 жылы азаматтарды медициналық тексеруден өтуге 30 әскерге шақырылушы тіркелген,  оның 16-і дәрігерлік  тексеруден өтіп, 12-і  облыстық Қорғаныс  істеріне  жіберілген,  4-і  жарамсыз болып қайта тексерілуге жіберілді  7-і  Қазақстан  Республикасының Қарулы күштер қатарына алынды.

Бүгінгі күнге офицер- 13, сержант-солдаттар –232  тіркелген.

 

Құқық бұзушылық және қылмыстың алдын алу шаралары

Ауылдық округі аумағында құқық қорғау және қылмыстың алдын алу шаралары бойынша біршама жұмыстар атқарылды. 

Ауылдық округі әкімінің аппараты ғимаратынан учаскелік тірек пунктіне бір бөлме берілген. 2015 жылдан бері учаскелік полиция өкілін тұрақтандыру мақсатында Өрнек ауылында тұрғын үй алынған.

Сонымен қатар, ауылдық округі әкімі жанындағы ақсақалдар алқасы құқық қорғау қызметкерлерімен тығыз байланыста жұмыс атқарып келеді.     

2016 жылы 8 қылмыс тіркеліп оның 8 ашылған. Барлығы ұрлық фактілері.

Есепті мерзімде округ аумағында құқық бұзушылықтар тіркелмеген.

                 

 

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағыттағы жұмыстар жалғасын табады және күшейтілетін болады. Оны Елбасымыз өзінің әрбір Жолдауында айтып, Үкіметке арнайы бағдарлама әзірлеуді де тапсырған. Бүгінгі таңда осы бағдарламаларды іске асырылу жұмыстары жүргізілуде.

Бұл орайда, ауылдық округ әкімі аппараты тарапынан негізгі бағыты - сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы бағытталған іс-шаралар өткізу, заңбұзушылықтардың алдын алу, жергілікті жерлердегі мекемелер жұмысында ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету, салалық бағытына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарына жемқорлықпен күрес тақырыбында мақалалар жариялау, тұрғындарды кеңінен ақпараттандыру сияқты шаралар тиісінше жүргізілуде.

Ауылдық округ әкімінің аппараты ғимаратының көрнекі жерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелеріне қатысты және азаматтардың арыздары мен шағымдарына арнайы орнатылған          2 жәшік орнатылған.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелердің алдын алу бойынша «Сенім телефоны» қызмет етеді және телефон нөмірі аудандық «Шұғыла-Радуга» газетінде тоқсанына бір рет жарияланып тұрады. Арнайы орнатылған 2 жәшік пен сенім телефонына өтініштер түспеген.

Есепті мерзімде округ аумағында сыбайлас жемқорлық фактілері тіркелмеген.

 

Көріктендіру, санитарлық тазалық жұмыстары

         Туған жердің ажарын ашу, тазалық жүргізіп, ауылды көгеріштендіру барша өрнектіктердің күнделікті ісіне айналуы қажет.

         Ауылдың абаты мен тазалығын деңгейіне келтіру үшін қолға алатын істер көп. Көше тазалығын ұйымдастыру, тал егіп көгеріштендіру ауыл әкімінің басты міндеті болып қала береді.

Жоғарыда атап көрсеткендей ауылдық округ әкімі аппаратының жеке бақылау шотынан 2016 жылы осы мақсатта көктемгі-күзгі тазалық жұмыстарына 200 мың теңге бөлінген және тиісті жұмыстар жүргізілді.

 Атап айтар болсақ, орталық алаң мен ескерткіштің қоршаулары сырланып, талдары әктелді. Ауылдағы барлық бюджеттік мекеме-ұйымдардың айналасы тазаланып, тал-дарақ егіліп, қоршаулары сырланды. Округтегі елді мекендерде орталық көшелердің  бағаналары түгелімен сырланды. Көктемгі-күзгі  көріктендіру, көгеріштендіру санитарлық тазалық айлығы барысында 24 сенбіліктер өткізілді. Аса-Өрнек бағытындағы тас жолдың (Сұлукөлден бастап) бойындағы талдар бұталып, әктелді.

«Жасыл ел» бағдарламасын орындау мақсатында ауыл шетінде егілген теректер бұталып, іші тазаланып, күтіп-бапталуда. Бұл іс-шараға округтегі жастар және барлық мекемелер атсалысты.

Сол сияқты әр жұма тазалық күні болып бекітіліп, үнемі ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

 

Жастар саясаты, көпшілік мәдени іс-шаралар және спорт

Өрнек ауылдық округінің жалпы адам саны 2647 құраса соның ішінде 765 адам 14-29 жас аралығындағы жастарды құрайды. Ауылымыздағы мектептегі жалпы оқушылыр саны 480 құраса оның 131 оқушы ауыл жастары құрамына кіреді.

          Мектепте ағылшын тілінен және Абай танудан мектептегі 8-9 сынып оқушылары үшін үйірмелер ашылған.

Жалпы жастар саны

14-18 жас

18-21 жас

21-29 жас

Ерлер саны

Әйелдер саны

Үйленгендер саны

Үйленбегендер саны

Өзге ұлт өкілдері

765

131

198

436

346

419

213

552

11

2016 жылы жастармен әртүрлі 39 іс-шара өткізілді.

Ауыл жастары аудан және облыс көлеміндегі білім, мәдениет және спорт саласынан түрлі байқауларға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүр. («Қазақстан барысы» турнирінің жүлдегері Жасұлан Абишев, жас ақындар байқауының жүлдегері Шапағат Сәбитқызы т.б.)

Бұқаралық спортты дамыту, халықтың ой-санасын саламатты өмір сүруге қалыптастыру, дені сау ұлт - осының барлығы қазақтың келешегі үшін қажеттілік екенін көшбасшымыз үнемі айтуда.

Ауылдағы білім беру мекемелерінде спорттың түрлерінен секция мен үйірмелер жұмыс істеуде. Спортзалдар жастарға спортпен шұғылдану үшін ашық. Өрнек ауылында орталықта кіші футбол алаңы жұмыс істейді.

Округ көлемінде әрбір ауыл бойынша бірінші кезекті шешуді қажет ететін проблемалық мәселелер бізге белгілі және оларды шешудің жолдарын қарастыру атқарушы органдардың негізгі міндеті екенін де жақсы білеміз.

Құрметті ауыл халқы!

Өткен кезеңде осындай біршама жұмыстар атқарылды. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, біздер атқарушы органдар Елбасымен белгіленген тапсырмаларды, мемлекеттік, салалық бағдарламаларды орындау үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, жұмыс жасаймыз деп сендірем.

Назарларыңызға рахмет.

 

 

 

 


 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2012
Создано: РПА 5-й элемент