Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Пионер ауылдық округі әкімінің есебі

Пионер ауылдық округінің әкімі С.Селеубаевтың 2016 жылғы

атқарған жұмыстары бойынша халық алдындағы есеп беру

кездесуінің баяндамасы

 

 

Құрметті, Мәден Тоқтарбайұлы

және ауыл тұрғындары !

 

Елбасының барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы есеп беру кездесулерін өткізу жөніндегі Жарлығына сәйкес жыл басында өздеріңізбен кездесіп, ауылдық округ көлемінде атқарылған жұмыстарды, алдағы маңызды деген бірқатар міндеттерді Сіздердің назарларыңызға ұсынамын.

Пионер ауылдық округі аумағында Пионер және Шайдана елді мекендері мен «Көделі», «Мойынқұм» мал жайылымдары орналасқан.

Сондай-ақ, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, ауылшаруашылығы және басқа да әлеуметтік нысандар ауыл тұрғындарына үздіксіз қызмет көрсетіп келеді.

Атап айтқанда, «Қ.Сартбаев» атындағы орта мектебі, Шайдана бастауыш мектебі, «Жауқазын» бөбек-жайы, Пионер фельдшерлік акушерлік пункті, Шайдана фельдшерлік пункті, пошта байланыс бөлімшесі, 2-кітапхана, 2-клуб және ауылшаруашылығы саласымен айналысатын «Пионер» Ө/К мен  57 шаруа қожалықтары өз жұмыстарын жалғастыруда.

         Ауылдық округтің жалпы жері -1927 гектар.

Ауылдық округ аумағында халық саны - 2220 адам.

         Аула саны - 351

         Зейнеткерлер саны – 168

         Мүгедектер саны – 56

        Соғыс ардагерлері - жоқ

        Ауған соғысына қатысқандар - 3

         Семей полигонына қатысқандар саны - 3

         Жалпы ауылдық округ аумағында – 85 «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері бар. Оның ішінде «Алтын алқа» белгісімен марапатталған – 59, «Күміс алқа» белгісімен марапатталған – 26 ана.

          Ауылдық округ бойынша барлық жер көлемі - 31116 га, егістік – 2036 га, (оның ішінде суармалы - 1304, тәлімдік – 732 га) жайылым - 25536 га және шабындық - 1617 гектарды құрайды.

          Пионер ауылдық округі әкімінің апаратында барлығы 19 адам қызмет атқаруда, оның  ішінде 6 мемлекеттік қызметкер:

        Ауыл әкімі – 1 бірлік

        Бас маман іс-жүргізуші - 1 бірлік

        Бас маман салық-агенті – 1 бірлік

        Бас маман  әскери есеп-жүргізуші – 1 бірлік

Бас маман - есепші – 1 бірлік

 Бас маман  – 1 бірлік

          Сонымен қатар:

          Статист -1 бірлік

          Іс қағаздарын жүргізуші -1 бірлік

          Әдіскер -1 бірлік

          Көлік жүргізуші-1 бірлік

          Еден тазалаушы –1 бірлік

          Күзетші – 2 бірлік

          Су мұнараларындағы күзетшілер - 6

          Ауыл әкімі мен аппарат қызметкерлері Қазақстан Республикасы  Президентінің Жарлықтарын орындау мақсатында, саламаты өмір салтын қалыптастыруына және ауылдың өсіп-өркендеуіне, халықтың әл-ауқатын арттыруына сондай-ақ, ауылды көріктендіру мен оның тазалығын сақтауға, жұмыстар жүргізіп келеді.

        Ауылдық округ әкімі аппаратының мамандарына өздерінің атқаратын  жұмыстары мен функцияналдық міндеттері бөлініп беріліп, әр маман өздеріне берілген міндеттерді тиісті деңгейде атқаруда.

        Ауылдық округ әкімі аппаратында жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарлары жасалып, бекітілген және олардың орындалуы бақылауға  алынған.

2016 жылы ауылдық округ әкімінің аппаратына жеке тұлғадан        43, заңды тұлғадан 7 жазбаша өтініш келіп түсіп, келген өтініштерге өз мерзімінде тиісті жауаптары берілді.

Сонымен қатар, ауызша өтініштермен 21 азамат ауылдық округ әкімінің жеке қабылдауында болып, барлығына өз уақытында тиісті жауап беріліп, түсіндірілді.

«Жұмыспен қамту 2020–жол картасы»

Ауылдық округ аумағындағы жұмыссыз азаматтарға өз кәсібін ашуға «Жұмыспен қамту 2020–жол картасы» бағдарламасының 2 бағыты бойынша  «Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру және тірек ауылдарда кешенді дамыту» арқылы 2012-2016 ж.ж аралығында барлығы 33 азамат мемлекет тарапынан 92 млн. 380 мың теңге қаражат алған, оның ішінде 1 млн мен 3 млн аралығында 28 азамат 66 млн. 480 мың теңге, 3 млн мен 6 млн аралығында 5 азамат 25 млн. 900 мың теңге несие алып, ауылшаруашылығы саласын дамыту мақсатында мал басын көбейту, асылдандыруға бет бұрып өз істерін ашты.

Халықты әлеуметтік қорғау және қамсыздандыру шаралары бойынша ауылдық округтегі халықты әлеуметтік қорғау, жұмыссыздық пен кедейшілікті төмендету мақсатында бірқатар жұмыстар жалғасын табуда. 

Ауылдық округтегі көп балалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген азаматтар мемлекет тарапынан тиісті жәрдемақыларды алды.

        Атап айтқанда, 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы 42 отбасыға, 145 балаға - 3 млн. 290 мың 600 теңге, «Өрлеу» бағдарламасы бойынша 5 отбасыға 837 мың 162 теңге берілді.

Ауылдық округте кедейшілік пен жұмыссыздықты жою мақсатында округ аумағындағы қоғамдық, маусымдық жұмыстарға аудандық халықты жұмыспен қамту орталығында ресми тіркелген 13 азаматтың 3-уі маусымдық, 3-уі тұрақты жұмысқа тартылып, мемлекет тарапынан тиісті жалақылары  төленді.

Ауылдық округтегі 2 елді мекенде 5 жеке меншік дүкен иелері өз істерін жалғастыруда. Олар ауыл тұрғындарын қажетті халық тұтынатын әртүрлі  тауарлармен, азық-түлікпен  қамтамасыз етуде.

Салықтық түсімдер.

Ауылдық округ бойынша 2016 жылдың қорытындысымен салық төлеу жөніндегі мәліметтер төмендегіше:

 

Салық түрлері

Жоспар

Нақты жиналғаны

Орындалу пайызы

1

Жер салығы

173 262

177 200

102,3

2

Мүлік салығы

18 100

23 100

127,6

3

Көлік салығы

1 240 300

1 243 300

100,2

 

          Көктемгі, күзгі әскер қатарына шақырылатын азаматтар белгіленген кестеге сәйкес аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге уақытында жеткізіліп, арнайы дәрігерлік тексеруден өтті.

2016 жылдың көктемгі әскер қатарына шақырылымына жоспар бойынша 6 азамат болса, оның 5-уі және күзгі әскер қатарына шақырылымына жоспар бойынша 7 азамат болса, оның 5-уі жалпы барлығы 10 азамат әскер қатарына алынды.

        Ауыл шаруашылығы

Ауылдық округке бекітілген ветеринариялық мал дәрігерлері ауыл тұрғындарының малдарына әр түрлі ауруларға қарсы сібір жарасына, аусылға, эктимаға, сарып ауруына, оспаға, туберкулезге, тағы басқа ауруларға қарсы емдеу жұмыстарына - 4 млн 651 мың 489 теңге мемлекет тарапынан қаржы бөлініп, емдеу жұмыстары жүргізіліп, толық игерілді.

          Көктем айында Конго-Қырым кенесінің анықталуына байланысты, Шайдана ауылындағы -136 аулаға, 2 рет барлығы 285 мың теңгеге       600 шаршы метр жерге дизинсекция жұмыстары жүргізілді.

          Ауылдық округ бойынша жеке малдардан қан алу жұмыстарының нәтижесінде 101 бас уақ малдардан сарып ауруының сынамалары табылып, Тараз қаласындағы арнайы орындарда сойылды. Мал иелеріне мемлекеттің белгілеуі бойынша қаржы берілді және осы ауру бойынша 33 нысанға 59 мың 400 шаршы метрге дизинфекцияланды.

Сондай-ақ, биылғы  жылы 14000 бас мүйізді уақ малға және 1300 бас мүйізді ірі қара малдарына бірдейлендіру жұмыстары жүргізілді.

Ауылдық округтегі ауыл тұрғындарының 2017 жылдың 1 қаңтарына мал басы бойынша мүйізді ірі қара 1651 бас, жылқы 1059 бас, қой-ешкі 21900 бас және үй құстары 2125 басты құрап отыр.

Алдағы уақытта адамзат баласына деген қамқорлық пен қарапайым халықтың игілігі жолындағы сан-саналы іс-шаралардың саны да, сапасы да арта түспек.

Өздеріңізге белгілі, әр өңірдің экономикалық даму басымдықтары Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дәстүрлі Жолдауларында қойылған міндеттер мен қабылданған бағдарламаларға сай айқындалады.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы халыққа арналған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауында Қазақстан халқын алдағы орын алып отарған әлемдік дағдарыстан алып шығудың жолдарын Үкімет пен басқа да тиісті министрліктерге, облыс әкімдеріне Жолдаудағы тапсырмалардың өз уақытында  орындалуын қадап тапсырды.

Елбасының жыл сайынғы Жолдаулары бір-бірімен байланысып жатады, ең бастысы дағдарысқа қарамай, халықтың әл ауқатын одан ары жақсарту мақсатында әлеуметтік жеңілдіктерден бастап, бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақылары жыл санап көтерілгені белгілі.      

Білім беру саласы

Ауылдық округ аумағындағы «Қ.Сартбаев» атындағы орта мектеп қазіргі таңда талапқа сай жабдықтармен толық қамтамасыз етілген, компьютерлер интернетке қосылған.

Аталған мектепте 56 мұғалім жұмыс  жасап, дәріс беруде.

Оның ішінде:

        Жоғарғы  білімдісі - 54

        Арнаулы орта және білімдерін жетілдіруде – 2

        Әртүрлі жұмысшылар -24

2015-2016 жылғы оқу жылында 344 оқушы білім алса, 2016-2017 жылы 370 оқушы білім алуда. Сондай-ақ, 1-8 сыныптағы 30 оқушыға бір мезгіл тегін ыстық тамақпен  қамтамасыз етілген.

 2015-2016 оқу жылында барлығы 36 мектеп бітірушілердің Ұлттық біріңғай тестілеуге 3 қатысқан. Олардың орташа балы 72,74 пайызды құрады. Оның  ішінде  «Алтын белгіге» ұсынылған 3 оқушының 2-уі өз білімдерін дәлелдеп шықты. Мемлекеттік грантқа ие болғаны - 5 оқушы. Жалпы ҰБТ қорытындысы бойынша аудан көлемінде - 10 орынға тұрақтады.

        2016 жылдың тамыз айында «Нұр Отан» партиясы Жамбыл аудандық филиалының ұсынысымен «Қ.Сартбаев» атындағы орта мектепте жағдайы төмен отбасылардың балаларын мектепке арналған құрал-саймандарымен, киімдермен қамтамасыз ету мақсатында «Мектепке барар жол» атты қайырымдылық акциясы болып өтті. Аталған акцияға ауылдың ілкімді азаматтарының демеушілігімен қаржылай қаражаттар түсіп, жағдайлары төмен отбасылардың балаларына оқу құралдары мен киім-кешектер сатып алынып берілді.

2016 жылы аталған білім ордасының жылу қазандығын жөндеуден өткізуге  2 млн 700 мың теңге және от жағатын қазандығына 1 млн 616 мың теңге бөлініп, қажетті жөндеу жұмыстары атқарылды.

          Сеңгірбай және Шайдана елді мекендерінен 110 мектеп оқушыларын тасмалдау үшін, арнайы екі автобус қызмет көрсетуде.

«Қ.Сартбаев» атындағы орта мектептің жылу жүйесі дизель отынымен жылытылады, биылғы жылға 53 тонна  дизель отыны қаралған болатын. Қазіргі таңда   27 тн алынып пайдаланылуда.

         Ауылды округтегі Шайдана бастауыш мектебінде 11 мұғалім,          11 жұмысшы еңбек етуде. Оның  ішінде:

        Жоғарғы білімдісі – 9

        Арнаулы орта білімдісі  - 2

          2016-2017 оқу жылында «Шайдана» бастауыш мектебінде            66 оқушы білім алуда.

Шайдана бастауыш мектебінің жанынан «Балапан» бағдарламасының аясында ашылған шағын орталықта 25 бүлдіршін тәрбиеленіп, 7 азамат жұмыс жасауда.

2016 жылы Шайдана бастауыш мектебін ағымды жөндеуден өткізу үшін 3 млн теңге қаражат бөлініп, жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Білім беру мекемесін жылытуға 45 тонна көмір отынымен толық қамтылды.

Пионер ауылындағы 100 орындық «Жауқазын» бөбекжайында                  қазіргі таңда 85 бүлдіршін тәрбиеленуде. Қысқы жылыту маусымында ғимаратты жылыту мақсатында 50 тонна көмір отынымен қамтылды.

Денсаулық сақтау саласы

Ауылдық округ аумағында денсаулық сақтау мекемелері өз жұмыстарын атқарып келеді.

Пионер фельдшерлік акушерлік пункті 2 мейірбике, 1 жедел жәрдем көлігін жүргізуші, 1 санитарка және 3 қарауыл, ал Шайдана ауылындағы фельдшерлік пунктінде 2 мейрбике, 1 санитарка, 1 қарауыл жұмыс атқаруда. (Дәрігерлік амбулаторияда барлығы 10 азамат халыққа қызмет көрсетуде 1 аға дәрігер, 2 мейрбике, 2 санитарка,       1 әлеуметтік қызметкер, 1 жедел жәрдем көлігін жүргізуші және          3 қарауыл).   

Ауыл тұрғындарымен тоқсан сайын шалғайдағы Көделі мен Мойынқұм өңіріндегі шопандар мен олардың жанұяларын аралап, емдеу және тексеру жұмыстарын жүргізіп отырады.

Елді мекендердегі аяғы ауыр әйелдер есепке алынып, дәрігерлік тексеруден уақытылы өткізіліп  келеді.

Пионер ауылдық округі бойынша өткен жылы 45 сәби дүниеге келсе, 8 азамат дүниеден өтті. Сарып ауруымен 2015 жылы 3 адам ауырса, 2016 жылы сарып ауруы тіркелмеген, ал туберкулезбен 2015 жылы 1 адам ауырса, 2016 жылы 1 адам ауырған. Осы ауруларды болдырмау мақсатында, алдын алу жұмыстары жалғасын табуда.

        Пионер фельдшерлік акушерлік пункті мен Шайдана фельдшерлік пунктіне қысқы жылыту маусымына қажетті 33 тонна көмір отынымен қамтамасыз етілді.

Жастар, спорт мәселесі бойынша.

Бүгінгі таңда ауылдық округ бойынша жалпы халық саны 2220 адамды құраса, 14 жас пен 29 жас аралығындағы жастар саны 526 жас яғни, 23,69 % құрайды, оның ішінде Пионер ауылында 308 жас болса, Шайдана ауылында 218 жас.

Жынысына қарай 270 ер бала болса, 256 қыз бала. Мектеп жасындағы оқушылар саны барлығы 336 оқушы, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны 168 оқушы, 14 жас пен 18 жас аралығындағы оқушылар саны 153 және 15 білімгерді құрайды.

«Серпін» бағдарламасы аясында Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс облыстарында жоғарғы оқу орындарында округ аумағынан 3 білімгер білім алуда.

2016 жылдың 10 айында ауылдық округ бойынша некеде тұрғандар саны барлығы 10 отбасы.Неке бұзғандар жоқ.

2016 жылы округ бойынша тіркелген жұмыссыз жастар саны           2 азамат.

Ауылымыздан шыққан әлемдік ареналарда (додаларда) Еліміздің намысын қорғап, даңқын асқақтатып жүрген жас спортшыларымыз жайлы айтар болсақ, Айтбек Айбол 2010 жылы Самбо күресінен Әлем чемрионатының күміс жүлдегері, 2011 жылы дзюдо күресінен Еуропа кубогінің қола жүлдегері, 2014 жылы дзюдо күресінен ҚР-ның чемпионы, 2016 жылғы Қ.Р Тұңғыш Президентіне арналған қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» Республикалық турнирінің қола белбеу иегері, 2016 жылғы Қытай Халық Республикасында өткен қазақ күресінен әлем чемпионы.

Смағанбетова Ақтолқын 2014 жылы самбо күресінен Оңтүстік Кореяда өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2015 жылғы Латвияда өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері.Азия чемпионатының 2 дүркін жеңімпазы, қазақ күресінен Қ.Р чемпионы, самбо, дзюдо, қазақ күресі түрлерінен Қ.Р спорт шебері және халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Сағатәллі Пернежан қол күресінен 2012 жылы Ташкент қаласында өткен Азия чемпионатының 1 орын жеңімпазы, Бразиля мемлекетінің Сан–Пауло қаласында өткен №34 Әлем чемпионатының бас жүлдегері, Польша мемлекетінің Гданск қаласында өткен №35 әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Қ.Р чемпионатында 2011, 2012, 2013 және 2015 жылдары Қазақстан чемпионы.

Құрметті ауыл тұрғындары

Ауыл әкімінің жанынан құрылған ақсақалдар алқасы мүшелерінің араласуымен ауыл тұрғындарының жеке меншік  малдарын сыртқа (жайлауға) шығарып бағу, өріске шыққан малға бақташы сайлап, әр бас малға төленетін ақысын белгілеу, ауылды көріктендіру, көгеріштендіру және санитарлық тазалығын сақтауға, түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алуға өз үлестерін  қосуда.

Сондай-ақ, байланыс жүйесі бойынша айтсам, Пионер және Шайдана ауылдарында жаңа электрондық аппарат қойылған, қазіргі кезде Пионер ауылының тұрғындарының үйлеріне интернет жүйесі (мегалайн) желіге қосылып, халық игілігіне жұмыс жасауда.

          Ауылдық округте орналасқан «Тоқберген ата» мен «Сәтбай ата» мешіттерінің имамдары ауыл тұрғындары мен жас ұрпақты әлемде және мемлекет аумағында орын алып жатқан діни экстримизімдер мен тероризмдердің алдын алу мақсатында имандалыққа, адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында, түрлі тақырыптарда уағыздар айтуда.

Осы аталған «Тоқберген ата» және «Сатбай ата» мешіттеріне құрылысын жүргізген азаматтар жыл сайын өз қаржыларынан жөндеу жұмыстарын жүргізіп келеді.

Округтегі елді мекендерді көріктендіру, көгеріштендіру және санитарлық тазалығын сақтауға аса мән берілген. Мекеме аулаларына егілген әртүрлі тал тарақтарды, гүлзарларды күтіп-баптау әр бір мекеме басшыларына тапсырылған.

Сондай-ақ, «Пионер» өндірістік кооперативі ғимаратының ауласында орналасқан ҰОС ардагерлеріне арналған «Белгісіз солдат» ескерткішінің айналасын күтіп баптап, ретке келтіру жұмыстарын «Қ.Сартбаев» атындағы орта мектептің «Мирас» балалар мен жасөспірімдер одағы мүшелерінің қарауына берілген.

Ауылдық округте «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асырылуын және Елбасының Жолдауын насихаттау жөнінде кеңсе, көшенің кіре беріс басында және көрнекі жерлерде дәйекті сөздер жазылған, олардың бояулары қайта жаңартылып, сөздері өзгертіліп тұрады.

Жамбыл облысы әкімдігінің 2010 жылғы 24 маусымдағы №192 қаулысын орындау мақсатында округтегі Пионер, Шайдана ауылдарында орналасқан 11 көшедегі әр бір үйге анықтағыш (аншлаг) тақталары жасалып, ілінді.

Мәдениет саласы бойынша, Пионер және Шайдана елді мекендеріндегі ауылдық клубтарда бекітілген жоспарға сәйкес, мерекелік кештер, әртүрлі іс-шаралар өткізіліп тұрады. 

Атап айтқанда, 8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай округтегі «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлеріне арналған дастархан жайылып, сый-сияпат жасалды. Мерекелік іс-шара соңы ауыл өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен ұласты.

Сондай-ақ, 9 мамыр - ҰОС аяқталғанына 71 жыл толуына байланысты ҰОС ардагерлерін еске алу мақсатында, үлкен іс-шара болып өтті. Оған ауылдан шыққан азаматтар демеушілік жасап, тыл еңбеккерлері мен ауыл қариялары шақырылып, мал сойылып, құран бағышталып тамақ берілді. Іс-шара соңы спорттық ойындармен және концерттік бағдарламалармен жалғасты.

Пионер және Шайдана ауылдық кітапханалары, өз оқырмандарына мәдени қызмет  көрсетуде. Шайдана ауылдық кітапханасында қазіргі таңда  2120 кітап қоры бар. Ал Пионер ауылдық кітапханасында жалпы - 7818 кітап қоры бар.Оқырмандар ауыл тұрғындары мен мектеп оқушылары.Атаулы мереке күндері жоспар бойынша іс-шаралар өтіп, тұрақты түрде кітап көрмелері ұйымдастырылып отырады.

Округтегі ауылдық кітапхана мен клуб мекемелеріне қажетті қысқы көмір отындарымен қамтамасыз етілген.

 

Егін шаруашылығы

Ауылдық аумақты дамыту барысында ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттыру мақсатында ауылдық округтегі «Пионер» өндірістік кооперативі мен 57 шаруа қожалықтардың тарапынан төмендегіше жұмыстар атқарылды.

«Пионер» Ө/К 2016 жылды мына төмендегі көрсеткіштермен аяқтап отыр. Аталған шаруашылықта 59 адам жұмыс жасауда.

«Пионер» ӨК  қазіргі таңда барлығы 16032 гектар жері бар. Оның ішінде егістік жері 1000 гектар. Өткен жылы «Пионер» ӨК-і 428 гектар жерге ақ егіс егіп, оның әр гектардан алынған өнім көлемі 12,0 тоннаны құрады.

Атап айтсақ, 178 гектар жерге бидай егіліп, әр гектардан 15,2 центнерден,  250 гектар жерге арпа егіліп, әр гектардан 8,0 центнерден, 250 гектар жерге мақсары дәні егіліп, әр гектардан 4,2 центнерден және 32 гектар жерге қант қызылшасы егіліп, әр гектардан 242 центнерден өнім жиналды.

2017 жылы ақ егіс егу үшін 44 тонна арпа тұқымы және 3,1 тонна мақсары тұқымы дайындалды. Өткен күз айында 220 га жерге күздік бидай егілді.

2016 жылдың қорытындысы бойынша мал азығын дайындау мақсатында 500 гектар жерге жоңышқа егіліп, 173 тонна жоңышқа, 8370 тонна табиғи шөп дайындалды.

2016 жылы «Пионер» ӨК-де 2810 бас қой, 21 бас жылқы сақталып қазіргі таңда Мойынқұм мал жайылымында қыстауға қыстатылуда.

2016 жылы  12 000 тонна жүн алынып, әр бас қойға шаққанда 4,1 кг жүн қырқылып, мемлекет тарапынан 1 432 000 теңге субсидия  берілді және мал басын асылдандыру бағытында 2010 бас қойға (әр басына 1500 теңге) 3 млн 15 000 теңге субсидия алды.

«Пионер» Ө/К-не жалпы мемлекет тарапынан жалпы                         9 млн 583 мың 803  теңге көлемінде субсидия берілді.

          Округтегі 57 шаруа қожалық басшылары өз шаруашылықтарында еңбек етуде. Олар егін және мал шаруашылығымен айналысуда.

          Барлық шаруа қожалықтардың жалпы жер көлемі 10 451 гектарды құрайды. Оның ішінде егістік жері 819,35 гектар. Оның 238 гектар жеріне көп жылдық жоңышқа егілген және 200 гектар жеріне арпа егіліп, әр гектардан 15,6 центнер, 100 га жерге бидай егіліп әр гектардан 21,5 центнер, 70 га жерге мақсары егіліп әр гектардан 4,8 центнерден өнім жиналды. Жалпы мемлекет тарапынан 154 мың теңге субсидия берілген.

2016 жылы «Алтын асық» бағдарламасы аясында округтегі мал шаруашылымен айналысатын «Заңғар» шаруа қожалығы 7 млн 200 мың теңге жеңілдетілген несие алып, оған 290 бас қой, 18 бас қошқар алды.   

Ал «Унетаева А» шаруа қожалығы мал басын асылдандыру бойынша 660 қойға 840 мың теңге және 105 сиырға 1 млн теңге алса, «Шынғыс» шаруа қожалығы 260 қойға 400 мың теңге және 27 сиырға 500 мың тенге алды.

 

 

Мал ұрлығы

Округ бойынша қылмыстың алдын-алу оған қарсы жұмыстар жүргізу мақсатында ауылдық округке бекітілген учаскелік полиция инспекторы жұмыс атқарып келеді. Ауыл арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу және мал ұрлығы мен қоғамдық тәртіпті сақтау үшін арнайы ерікті халық жасақшылар тобы жасақталған.Қазіргі таңда учаскелік полиция инспекторымен бірлесе түнгі рейдттік кезекшіліктерге тартылып келеді.

          2016 жылы барлығы 8 қылмыс түрі тіркелді, оның барлығы мал жайылымдарынан жоғалған, ұрланған малдар қазіргі таңда аталған мал ұрлығының4-уі ашылған.Қалған қылмыс түрлері толық ашылмағандықтан іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Қаржы игеру

Пионер ауылдық округі әкімінің аппаратына мемлекет тарапынан бөлінген қаражаттар толығымен игеріліп, төмендегіше жұмыстар атқарылды:

Аудан және ауыл әкімдерінің өткен жылдардағы есеп беру жиналыстарында ауыл тұрғындарынан түскен ұсыныс-пікірлердің орындалуына келер болсақ:

          1. Пионер ауылынан кіші доп алаңын салу үшін 4 млн 800 мың теңге қаражат бөлініп, 2016 жылдың 30 тамыз «Қ.Р Конституция күні» мерекесі қарсаңындакіші доп алаңы пайдалануға берілді.

2. Шайдана бастауыш мектебін ағымды жөндеуден өткізуге 3 млн теңге бөлініп, ғимараттың  есік терезелері ауыстырылып, сыртқы келбеті жаңартылды.

          Сонымен қатар, Пионер ауылындағы Әшімәлі Үкібаев көшесін жөндеуге 7 983 996 теңге қаржы бөлініп, аталған көше орта жөндеуден өткізілді.

Пионер ауылындағы «Қ.Сартбаев» атындағы орта мектептің жылу қазандығын жөндеуден өткізуге 2 млн 700 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді және от жағатын қазандыққа 1 млн 616  мың теңге бөлініп, тиісті жұмыстар іске асты.

Сөз соңында айтарым, 2016 жылы ауылдық округ аумағында атқарылуға тиіс жоспарланған жұмыстар:

           1. Пионер ауылындағы Қапал және Қ.Тубаев көшелерін орта жөндеуден өткізуге – 9 млн 814 мың теңге қаражат бөлініп отыр.

           2. Шайдана ауылындағы Ә.Нұрбаев көшесінің бұрылысын орташа жөндеуге 2 млн 28 мың теңге  (КСН арқылы) бөлінді.

           Сондай-ақ, өңірлерді дамыту бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға Пионер ауылындағы «Қ.Сартбаев» атындағы о/м шатырын және электр желілерін ағымды жөндеуге 2 млн 941 мың теңге бөлінді.  

           Құрметті, ауыл тұрғындары! Сіздерді келіп жеткен, жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, елімізге тыныштық, бақ-береке, бірлікпен, молшылық, әр отбасына жақсылық тілеймін.

Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

 

 


 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2012
Создано: РПА 5-й элемент