Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Полатқосшы ауылдық округі әкімінің есебі

 

Полатқосшы ауылдық округі әкімі Е.Данаевтың  2016 жылы

атқарылған жұмыстары туралы есебі.

 

          Құрметті Мәден Тоқтарбайұлы, ауыл тұрғындары мен қонақтар!

Полатқосшы ауылдық округі 17 ұлттың өкілі бір шаңырақ астында бірлігі жарасып, мекен етіп жатқан, 1595 ауласы мен 10000 мыңға жуық халқы бар аудандағы ең ірі округтің бірі. Жалпы жер көлемі -42 мың гектар

Ауылдық округі әкімі аппаратының жұмыстары тоқсандық және жылдық жұмыс жоспарлары негізінде құрылған. Мұнда  9 – мемлекеттік қызметкер жұмыс атқарады. Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында айқындалған бағыттарға сәйкес, мемлекеттік қызметкерлер       бекітілген кесте бойынша кәсіби шеберліктерін арттырып отырады.

2016 жылы жалпы кіріс және шығыс құжаттар бойынша тиісті жұмыстар жасалынып, жауаптары қайтарылса, жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес, уақытында жауаптары берілді.

Ауыл тұрғындары арасында  хабарламалар таратылып, жиындарда салықты уақтылы төлеу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілуінің нәтижесінде, 2016 жылғы мүлік, жер және транспорт салықтарының түсімі 100 пайызға орындалды.

 Отан алдындағы борышын өтеу, әрбір ер азаматтың парызы. Ауылдық округте көктемгі-күзгі мерзімдердегі әскер қатарына шақыру жұмыстары бойынша барлығы – 93 азамат медициналық комиссиядан өтті. Әскерге шақырылғандардың 95-і білімгерлер. Денсаулығы жарамды 5 азамат әскери борышын атқаруға жіберілді. Жалпақтөбе ауылы тоғыз жолдың торабында орналасқан елді мекен болғандықтан, ауылдық округ әкімі аппараты мен мекеме-ұйымдардың, жергілікті халықтың негізгі міндеті көктемгі-күзгі көріктендіру-көгеріштендіру және санитарлық тазалық айлықтарын жоғары деңгейде ұйымдастыру болып табылады. Аталған жұмыстардың атқарылуы күнделікті бақылауға алынып, жүзеге асырылуда.

Елді мекендегі тұрмыстық қатты-қалдықтарды шығарумен жеке кәсіпкер «Махмудов» айналысады.

Округ аумағында жылдың кез-келген мезгілдерінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оны болдырмау шаралары бойынша тиісті іс-шаралар жоспары бекітіліп, ерікті жасақшы топтары жұмыс жасауда.

Өткен жылы мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік көмектерге, атап айтқанда, «Өрлеу» бағдарламасы бойынша 12 отбасыға 1 млн.974 мың көмек көрсетілсе, әлеуметтік тұрмыс жағдайы төмен - 459 отбасыға 33 млн. теңгеге және одан бөлек мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 3 отбасы өтініш беріп, (асп) -446000 теңгеге  жәрдемақылар тағайындалды.

Өздеріңізге белгілі, Полатқосшы ауылдық округі тұрғындарының басым көпшілігі көкөніс дақылдарын  өсірумен айналысады. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша «Юнчи»  өндірістік кооперативі және 105 шаруа қожалығы жұмыс жүргізуде. Негізгі егілетін дақыл сәбіз және пияз, (975,2 га-26428 тонна) жеке меншік малдары үшін көп жылдық жоңышқалар егілуде (1087,2 га-5327 т), картоп (70 га-1465 т). Былтырғы жылы ауылдық округте аудан әкімі Мәден Тоқтарбайұлының бастамасымен 23 гектар жерге қант қызылшасын орналастыру жұмыстары қолға алынып, тәтті түбір мерзімінде жиналып алынды. Биылғы жылы да осындай маңызды игі істі ұйымдастыру жұмыстары жоспарлануда. Осы орайда, мекеме ұжымдарына қант қызылшасын жинауға ат салысқандары үшін, рақмет айтқым келіп отыр.

Жалпақтөбе ауылында соғылған жеке көкөніс сақтайтын қоймалар саны - 113 болса, олардың сыйымдылығы - 7000 тоннадан асып түседі. Олардың арасындағы ең ірі қоймалар «Юнчи» өндірістік кооперативіне және «Шарипов» ШҚ тиесілі. Бұл қоймалардағы жиналған өнім тұтынушыларға едәуір арзан бағамен ұсынылуда.

         Басым бағыттағы дақылдар бойынша - 41 шаруашылық 3 177 000 мың теңгеге субсидия алса, минералды тыңайтқыштар сатып алғанға- 31 шаруа қожалық 14 662 000 мың теңге субсидия, 6 шаруашылық 3 180 000 теңгеге гербицид және 1 шаруа қожалық тұқым шығындарын өтеу үшін 625 мың теңге алды. Лизинг жүйесі арқылы 2 шаруа қожалық 26 млн.670 мың теңгеге 2 техника сатып алды.      

Ауылдық округте 01.07.2016ж. есеп бойынша: Мүйізді ірі қара-1275 бас, уақ мал-1700, жылқы-115 бас, құс-8000 басты құрады.   Шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерін дамыту жұмысына тоқталсақ, округ көлемінде бірқатар алға ілгерушіліктер бар, облыс көлемінде белгілі «Достар» халал шұжық цехі, өндірген өнімі жылына-540 тонна шұжық, 18-дүкендер, 5-шаштараз, 1-дәріхана, 4-кафе, 2-наубайхана,     2 нотариус,  ұн, қант және жем сату орындары, 4-автокөліктерді жөндеу орындары, 5-жанар-жағармай құю станциялары және шағын «Достық» сауда базары, құрылыс материалдарын сататын «Юнчи» дүкені халыққа қызмет көрсетуде.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында жұмыспен қамтылғандардың саны 62 азамат болса, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 42 азамат қамтылды.

 Қазіргі таңда, Жалпақтөбе ауылында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың саясаты мен қолдауының арқасында жаңадан бой көтерген екі ірі әлеуметтік нысан 100 келушіге арналған заманауи емхана мен 280 бүлдіршінді қабылдайтын «Болашақ» бөбекжайы, 1187 оқушы білім алатын Чкалов орта мектебі, 180 орындық «Балдәурен» балабақшасы мен 25 баланы қамтитын жеке меншік «Сұлтан» балабақшасы, пошта қызметі және аудандық «Қазтрансгазаймақ» және электр жүйелері басқармасының филиалдары жұмыс жасауда.

         Жыл қорытындысын саралау кезінде, Сәрсекүл Исабекқызы басқаратын ауылдық емхана мен Кенже Аманқызы жетекшілік жасайтын «Балдәурен» балабақшасы үздік мекемелер болып танылса, Чкалов орта мектебінің директоры Нәйлә Сағитқызы «Белсенді депутат» атағына ие болды.

2016 жылдың соңында «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жоспарға сәйкес толығымен аяқталып, комиссия тарапынан қабылдап алынды. Аталған жұмыстармен мердігер компания «АқмолаГидрология» ЖШС айналысты. Бүгінгі күнге тұрғындарға сапалы ауыз суды қосу үшін тиісті мекеме өкілдерінің қатысуымен кездесулер өткізіліп, кеңінен түсіндірілуде.

         Сонымен қатар, былтырғы жылы «Жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша республикалық бюджет есебінен Жалпақтөбедегі Госунфу көшесі мен Марасулов көшелерінің әрқайсысына 1 млн.456 мың теңгеден, Валерий Чкалов орта мектебінің шатырына жұмсақ жабынды төсеуге 3млн.108 мың бөлініп, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Балдәурен» балабақшасына жылу қазандығын орнатуға жобалық-сметалық құжаттарды дайындауға арнайы салық түрлерінен түсетін есеп шоттағы қаражат есебінен 2 млн.76 мың теңге қаражат бөлініп, жоба әзірленді. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы щеңберінде Каримов көшесіне 3 млн.683 мың теңге бөлініп, орта жөндеуден өткізілсе, «Балдәурен» балабақшасының шатырын ауыстыруға 2 млн.761 мың қаражат жұмсалды. 2017 жылы осы бағдарлама бойынша Джапаров көшесін орта жөндеуден өткізуге 5 млн. 757 мың теңге қаржы қаралды. Бүгінгі таңға, арнайы салық түрлерінен түсетін есеп шоттағы қаражат есебінен, құны 18.200 млн.тенге болатын Жалпақтөбе ауылынын орталық көшесіндегі жарық шамдарын ауыстыратын ауыр жүк көтергіш көлігін сатып алуға конкурстық өтінім берілді. Ағымдағы жылы көптен бері қордаланып қалған мәселе И.Сулейманова көшесінің 1; 2; және 3 бұрылыстарына типтік үлгідегі жаңа трансформаторлар мен электр желілерін орнатуға техникалық-шарт алынып, жұмыстар атқарылуда.

 «БМ» спорт кешенінде және Чкалов орта мектебінің спорттық залында ауыл жастарын салауатты өмір салтын ұстануға және олардың денсаулығын нығайтуда таэквандо спорт түрінен аға жаттықтырушы Исмазов Руслан Бакирұлы мен кикбоксингтен аға жаттықтырушы Маюфи Мухиддин Абдухалилұлының шәкірттері тыңғылықты жаттығу жасап, республикалық және халықаралық дәрежедегі жарыстарда топ жарып, ел намысын абыроймен қорғауда.

 Округ көлемінде Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы сынды маңызды оқиға, Наурыз, Ұлы Жеңіс мерекелерінің өтуіне жергілікті тұрғындар белсенділік танытты. Ауыл әкімінің ұйымдастыруымен болатын қайырымдылық істерге ілкімді азаматтар мен кәсіпкерлер демеушіліктер көрсетуде. Олардың ішінен, Абдумалик Шариповты, Хайрулла Азимовты, Тофик Ашировты, Саид Берсанукаевты, Абдумалик Ливеншоны және «Гуонлен» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рашид Бакировты атап өтуге болады. Ауылдық округ әкімінің жанында өтетін жиналыстарда жастар арасында тәртіп пен құқық бұзушылықтың алдын алу, оларға патриоттық тәрбие беру, бала мен ана денсаулығын нығайту сынды бірқатар өзекті мәселелер қаралып, оған ауылдың беделді азаматтары мен ақсақалдар кеңесі, мешіт алқалары қатыстырылып отырды.

Құрметті ауылдастар, жақында Алматы қаласында студенттер арасында 28-ші қысқы Халықаралық Универсиаданың алауы жағылып, ұлтаралық татулық пен бейбітшіліктің символына айналды. Күні кеше ғана Елбасымыз Қазақстандықтарға үндеу жолдап, аса маңызды реформаны жария етті, артынша көп күттірмей «Қазақстанның  үшінші жаңғыруы: жахандық бәсекеге қабілеттілік» атты ел халқына арнаған кезекті жолдауын жолдады. Астана қаласында өтетін «EXPO-2017» халықаралық көрмесі Тәуелсіз Қазақстан үшін аса ауқымды жобаға айналды. Бағытымыз айқын, болашағымыз жарқын мемлекет болып, рухы биік, ынтымағы мығым болсын.

Есеп аяқталды, зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

 

 


 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2012
Создано: РПА 5-й элемент