Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Тоғызтарау ауылдық округі әкімінің есебі

Жамбыл ауданы Тоғызтарау ауылдық округінде 2016 жылы атқарылған жұмыстар және алдағы уақыттағы перспективалық жоспарлар туралы ауылдық округ әкімінің

Е С Е Б І

 

Құрметті ауыл тұрғындары және жиналысқа шақырылған қонақтар!

Жаңа жыл  және тәуелсіздігіміздің 25  жылдығы құтты болсын. Осы     25 жылда Қазақстан елі қандай нәтижеге жеткені баршамызға мәлім.

 «Талаптанған  мұратына  жетер, талапсыздың күні  өкінішпен  өтер» дегендей, биылғы жылы атқаратын жұмыстардың да ауқымы кең.

Мемлекетіміз қол жеткізген бүгінгі жетістіктердің қайнар көзі – ол Ел Президентінің әр жылы халыққа арнаған Жолдауы.  Барша қазақ елі үмітпен күтетін Жолдаудан бастау алған игі істердің жемісін біз көріп келеміз.

Елдікті, бірлікті, өркениетті ту еткен халқын ерен еңбектерге жетелеген кемеңгер Көшбасшының биылғы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар даму» атты Жолдауы ауқымды істерге бастаған кезекті қадам деп білген жөн. Осылай, алысты жақын ету – бүгінгі Жолдаудың ең басты түйіні болмақ. Осы бағытта Елбасымен жаңа межелерді бағындыруға бет алдық.

Енді, 2016 жылы ауылдық округте атқарылған жұмыстар туралы қысқаша тоқтала өтейін.

Жалпы ауылдық округке қарасты үш елді мекендегі 189 аулада 835 адам тұрады.  Олардың 373/45% сайлаушылар. Ұлттық құрам бойынша 718 немесе 86% қазақтар, 117 немесе 14% орыстар.

Ауылдық округте 66 адам «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Олардың 23 ер, 43 әйел адам.

Сондай-ақ, 152 жастар бар, олардың 85 ұл, 67 қыз бала. Бұл жастарды жалпы ауыл тұрғындарына шаққандағы үлес салмағы 18,2% құрайды.

Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 7 584 гектар, оның 1166 га. ауылдық округке тиесі, 5 884,5 га. шаруа қожалықтарына тиесілі, 483,6 га. жер қорына тиесі.

Ауылдық округте 14 шаруа қожалығы жұмыс істейді.

Ауылдық округте жалпы 980 ірі қара, 9228 қой-ешкі, 21 түйе, 659 жылқы, 52 шошқа, 1056 үй құстары ауылдық округтің шаруашылық кітабына тіркелген.

Малға қысқы азық дайындау барысында 145 тонна жем, 4350 тонна шөп дайындалды.

Күзгі егіс бойынша 150 гектар жерге күздік бидай егілді және                     50 гектар жер қызылша егуге парға айдалды. Көктемде 150 гектар жерге арпа, мақсары егіледі деп жоспарлануда.

Ауылдық округтегі малдарға эпизоотияға қарсы іс-шара жұмыстары жүргізілді.

Сарып ауруына тексеруге түскен 1 640 бас  ірі қара мен  11015 бас ұсақ малдардан алынған қан сынамаларының қорытындысымен                      8 ұсақ малдан  сарып ауруы анықталды. Сарып ауруы шыққан  аулалардың қора жайларына залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді және аурулары шыққан уақ малдар иелерінен алынып, жойылып, өтемақысы төленді.

Елді мекенде 24 қаңғыбас иттер ауланып, жойылды.

2016 жылдың қаңтар-қараша айларында мемлекеттік бюджетке жер және мүлік салығын жинау бойынша 70715 теңге  салықтық төлемдер жоспарланып, 100% орындалды.

2015-2016 оқу жылында ауылдық округтегі 2 білім беру ұйымдарындағы 17 сынып комплектісінде 174 балаға 45 ұстаз білім беруде.

Атап айтар болсақ Т.Тоқтаров орта мектебіндегі 11 сынып комплектісінде 122 балаға 30 ұстаз білім берсе. А.Матросов негізгі мектебінде 9 сынып комплектісінде 52 балаға 16 ұстаз дәріс береді.

Ауылдық округте дәріс беретін 45 ұстаздың 3-уі немесе 6,6% жоғары санатты, 18-і немесе 40% бірінші санатты, 15-і немесе 33,3% екінші санатты,   9-ы немесе 20% санатсыз.

Әлеуметтік көмек алатын және көп балалы отбасыларының 2-9 сыныптың 29 оқушысы бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.

Т.Тоқтаров орта мектебіне Құмсуат ауылынан екі ауысымда                        31 бала тасымалданып оқытылады.

Ауылдық округтегі Т.Тоқтаров және А.Матросов мектептерінің екі кабинеті 14 компьютермен және екі кабинетте 2 интерактивтік тақталар орнатылған.

2016 жылы 13 мектеп бітірушінің 12 оқушы бірдей Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Ұлттық біріңғай тестілеудің қорытындысы бойынша ауылдық округ оқушыларының орташа баллы 77,3% болды.

Білім беру саласының негізгі көрсеткіші ҰБТ қорытындысы болып табылады. Алдағы оқу жылында білім беру сапасын жақсарту және ҰБТ қорытындысын жоғарылату міндеті тұр.

Ауылдық округте 6 жартылай жетім балалар бар, олардың                                        1-еуі қамқоршылыққа берілген.

Ауылдық округтегі мектепке дейінгі білім беретін                               1 балабақшада  (25 бала) және  2 мектеп базасындағы шағын орталықтарда  (21 бала) барлығы  46 бүлдіршіндер тәрбиеленуде. Ауылдық округтегі 1 мен 6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші 50% құрайды. Ал, 3 пен 6 жас аралығындағы көрсеткіші 75,4% құрайды.

Әлеуметтік қорғау және қамсыздандыру көрсеткіштері бойынша 2016 жылы  9 нәресте дүниеге келді.

18 жасқа дейінгі балаларға төленетін жәрдемақы 10 отбасынан                   61 балаға      1млн 346 мың 700 теңге төленді. Ауылдық округте жалпы 72 зейнеткер бар, олардың 20 ер, 52 әйел адамдар. Жалпы ауылдық округ бойынша 24 алтын алқа, 20 күміс алқа иегерлері бар.

Ауылдық округте 13 мүгедектер тіркелген, олардың 3-уі бірінші топтағы, 5-уі екінші топтағы, 5-уі үшінші топтағы. Олардың ішінде екінші топтағы 3 адам жұмыспен қамтылған. Жыл бойына 4 азамат қоғамдық жұмысқа тартылды. 13 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

 «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 2016 жылы шағын несие алу үшін 3 азамат аудандық жұмыспен қамту орталығына  құжаттарын өткізді. Оның ішінде         1 азамат 1млн 500мың теңге несие алды.

2016 жылғы көктемгі және күзгі мерзімде әскер қатарына             5 адам жіберілді.

Денсаулық сақтау саласында 2 медициналық пункті ауыл халқына қызмет көрсетуде. 2016 жылдың қаңтар-қараша айларында қайтыс болғандардың жалпы саны 5 адам. Есепті жылы ана мен                    1 жасқа дейінгі  бала өлімі тіркелмеді. Медициналық пунтте денсаулығына байланысты 47 адам есепте тұр. 

 

Ауыл халқына 1 клуб, 1 кітапхана мәдениет ошақтары қызмет көрсетуде. 2016 жыл жалпы әр түрлі 27 мәдени көпшілік іс-шаралар өткізіліп, оған 850-ге жуық адам қатысты.

Кітапхана қорын толықтыру жағдайы. Тоғызтарау ауылдық кітапханасы Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қаржыландыруымен жылына жаңа кітаптарымен кітап қоры толықтырып отырады. Тоғызтарау ауылдық кітапханасына  2016 жылы келіп түскен жаңа кітаптар саны  барлығы – 152, оның мемлекеттік тілдегісі – 141, кітаптар саны 146 дана, журнал 6 дана.

Ауылдық округтегі кітапханада кітап қоры 4765 дананы құрайды. Оның ішінде, мемлекеттік тілде  3846 дана. 2016 жылы 252 әдеби кітаптар алынды. Кітапханада 449 оқырман тіркелген, оқылымға 9 358 кітап алынды.

Сондай-ақ, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасының жергілікті өзін–өзі басқару басымдығын қаржылық қолдау бағыты бойынша Тоғызтарау ауылындағы Т.Тоқтаров атындағы орта мектебіне  ағымды жөндеу жұмыстары 2 млн. 937 мың теңгеге жүргізілді және Тоғызтарау ауылындағы М.Жүнісұлы көшесіне 4 млн. 248 мың теңге бөлініп жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Былтырғы аудан әкімінің есебінде түскен ұсыныс бойынша ескі мектептің ғимаратының орнына жаңадан кіші спорт зал құрылысы салынып, пайдалануға берілді. Биылғы жылы Тоғызтарау ауылы Жамбыл көшесіне және екі бұрылысқа және  Құмсуат ауылының көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жаңа өткел ауылында темір жол бойындағы 65-ші шақырымнан мал айдап өту өткелін ашу бойынша өтініш жазылып, қазіргі таңда заңдастыру жұмыстары жүргізілуде. Өрнек-Тоғызтарау аудандық мәндегі ауыларалық жолды жөндеу жұмыстары бойынша алдағы сессияда қаржы қарастырылып, құжаттары дайындалады.

Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!!!

 

 

 

 


 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2012
Создано: РПА 5-й элемент