Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Жамбыл ауданының құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамаcы

 

  

                                           Жамбыл ауданының құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының  

                                  № 1 хаттамалық

                                 ШЕШІМІ

 

 

Аса ауылы                                                                      01 ақпан 2017 жыл

                                                                                                     сағат 15.00

 

Төрағалық еткен: М. Мұсаев – Жамбыл ауданының әкімі.

Қатысқан комиссия мүшелері: Н.Қарашолақ, Р.Бегалиев, Ү.Найманова, Н.Несіпбеков, Т.Татенов, Р.Қожамжарова, Е.Келесов, Қ.Бүрлібаев, Ө.Айманов.  

Шақырылғандар: ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары.

 

КҮН ТӘРТІБІ:

     1. 2016 жылы аудандық жергілікті полиция қызметінің органымен құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыспен күрес бойынша атқарған жұмыстары туралы.

     2.  Жамбыл ауданының құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2017 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту.

________________________________________________________

 

         Күн тәртібіндегі мәселелер қаралып, келесідей ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ:

         1. Күн тәртібіндегі 1-ші мәселе бойынша Жамбыл аудандық жергілікті полиция қызметінің бастығы Д.Нуралиев есепті мерзімге атқарылған жұмыстары жайлы баяндамасы және құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыспен күрес бойынша атқарған жұмыстары туралы Пионер ауылдық округ әкімінің С.Селеубаевтың есебі назарға алынсын.

         2. Аудандық ішкі істер бөлімі (келісім бойынша) және ауылдық округ әкімдері:

         қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде жергілікті атқарушы органдармен бірлескен шараларды жандандырсын;

         қоғамдық орындарда азаматтардың мінез-құлқына ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік туралы халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілсін;

         құқық бұзушылық профилактикасы мәселелеріне қатысты материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарда орналастыруды қамтамасыз етсін;   

         тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың толық орындалуын қамтамасыз етсін;

         ауылдық округ әкімдері құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды азайту бағытында округте белгіленген учаскелік инспекторлармен тығыз байланыста жұмыс жасасын, соның ішінде бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарының ашылуына ерекше назар аударып, олардың алдын-алу бойынша шараларды қабылдасын, тұрғындар арасында насихат жұмыстарын жүргізуді жандандырсын;

         аудан аумағында қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды алдын алу мақсатында кәсіпорындар мен мекеме қызметкерлерін қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағдарламасына сәйкес, құқық бұзушылықтың алдын алуға әсер ететін тәсілдерінің бірі-қоғамдық қауіпсіздікті тиісті қамтамасыз етсін.

         3. Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі, білім бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, спорт  бөлімі құқық бұзушылық профилактикасына қатысты өз құзыреттері шегінде тиісті жұмыстардың барлығын қамтып, жан-жақты жұмыстар жүргізсін;

         аудан әкімдігінің білім бөлімі және «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты бірігіп жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықты болдырмау, алдын алу  мақсатында рейдттік іс – шаралар жүргізілсін;

         аталған бөлімдер мен ауылдық округ әкімдері осы бағыттағы профилактикалық жұмыстар бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға нақты ұсыныстар енгізсін.  

         4. Аудандық ведомствоаралық комиссияның 2017 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілсін.

         5. Осы хаттамалық тапсырмалардың орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратына жүктелсін.

 

 

         Жамбыл ауданының әкімі,

         комиссия төрағасы                                                         М. Мұсаев

 

         Комиссия хатшысы                                                          Е. Қалисаев

 

 

 

 


 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2012
Создано: РПА 5-й элемент