Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

 Жаңа жүйе талқыланды

Ұлт Жоспары – «100 нақты қадамның»  бір бағыты – «Аурулардың сыртқы белгілерін, сылап-сипап қою емес, оларды жүйелі емдеу» болып есептелетін қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертудің негізін қалау. Бұл жоспардағы 80-қадам – «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу». Әлеуметтік міндетті медициналық сақтандыру тек қана мемлекет үшін емес, сонымен қатар халықтың мүддесі үшін қажет. Бұл – халықтың өзінің денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру, көптеген ауруларды алдын ала анықтау, сонымен қатар денсаулықты жоғары бағалау үшін енгізіліп жатқан жүйе.

Осы орайда дүйсенбі күні бекітілген желілік кестеге сәйкес арнайы жұмыс тобы ауданға қарасты ауылдық округтердің тұрғындарымен кездесіп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы кеңінен түсіндірді. Атап айтқанда, жұмыс тобының мүшелері – аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Тәуіржан Мұсаев пен Жамбыл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалымжан Есіркепов Аса ауылдық округі әкімшілігінде ауыл тұрғындарымен жүздесіп, денсаулық сақтау саласындағы жаңа жүйе жайында тарқата айтты.  

– Медициналық сақтандыру – денсаулық сақтаудағы халықтың мүддесін әлеуметтік тұрғыдан қорғаудың бір түрі болып саналады. Медициналық сақтандырудың екі түрі бар. Олар – міндетті медициналық сақтандыру және ерікті медициналық сақтандыру. Міндетті медициналық сақтандыру медициналық жәрдемнің сапасын бақылауды қарастырады, оның мақсаты – міндетті медици­налық сақтандырудың база­лық бағдарламасымен және медици­налық жәрдемнің қолданыстағы стандарттарымен кепілденген көлемде, сапада және шарттарда медициналық жәрдем алуға азаматтардың (сақтандырылған) құқықтарын қамтамасыз ету. Ал ерікті сақтандыру адамның қалауы бойынша ғана жүзеге асырылады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағы жиналған қаражат азаматтардың тегін медициналық көмек алуы үшін жұмсалады. Яғни, бұрын мемлекет есебінен жүзеге асырылған тегін медициналық қызмет түрлері аталған сақтандыру жүйесі арқылы орындалмақ. Зейнеткерлерге, еңбек жасына толмаған азаматтарға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет тегін көрсетіледі. Бұл – еліміздегі міндетті медициналық сақтандырудың ерекшелігі мен артықшылығы. Міндетті медициналық сақтандыру кез келген тұрғынды медициналық сақтандырумен қамтамасыз етеді. Оның басты маңыздылығы да сонда. Медициналық сақтандыру ең алдымен адамның өз денсаулығына жауапкершілігін арттырады. Сонымен қатар, сақтандыру қорына жарна төлеу арқылы азаматтар қалаған аурухана мен емханадағы дәрігеріне барып, емделуге мүмкіндік алады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында ақшасы бар азаматтардың емдеу ақысы дәрігерлерге сол қордан төленеді. Осы орайда көбірек пайда табуға тырысқан медицина қызметкерлерінің емделушілерге барынша сапалы қызмет көрсету көрсеткіші жоғарылайды. Өйткені емделушілер қай дәрігерге баратынын өздері шешеді, – деген топ мүшелері тұрғындар тарапынан туындаған көкейкесті сауалдарға жан-жақты жауап қайтарып, елге ортақ мәселені қызу талқылады.

Айта кетейік, жұмыс тобы мүшелерінің желілік кестеге сәйкес тұрғындармен кездесулері апта аралығында ауданның барлық ауылдық округтерінде жалғасады.


 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2012
Создано: РПА 5-й элемент