Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Жамбыл ауданы әкімі М.Мұсаевтың есептік кездесуінде түскен ұсыныстар мен пікірлерді орындау бойынша іс-шаралар ЖОСПАРЫНЫҢ орындалуы (2017 жылдыңы 1 сәуіріне)

 

      Жамбыл ауданы әкімдігінің

        2017 жылғы  14 ақпандағы

      №64   қаулысымен бекітілген

 

 

Жамбыл ауданы әкімі М.Мұсаевтың есептік кездесуінде түскен ұсыныстар мен пікірлерді

орындау бойынша іс-шаралар

ЖОСПАРЫНЫҢ орындалуы

(2017 жылдыңы 1 сәуіріне)

 

Атқарылатын іс-шаралар

Орындалу мерзімі

Орындалуы туралы

Ескертпе

1

2

3

4

 

6

1

Ақбұлым ауылдық округі, Б.Бесбаев атындағы орта мектебі оқушыларын тасымалдайтын автобус сатып алу

2017 жыл

3 тоқсан

Ақбұлым ауылдық округі әкімі аппараты арқылы жергілікті бюджеттен 8 млн. 698 мың теңгеге автобус сатып алуға қаржы бөлінді.

 

2

Аса ауылдық округі тұрғындарының малдарын ветеринарлық емдеу-егу жұмыстарына арналған арнайы алаң құрылысын салу

2017 жыл

3 тоқсан

«Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылдық округі аумағының Аса ауылындағы ауыл шаруашылығындағы малдарға ветеринариялық егу-емдеу жұмыстарына арналған арнайы алаң құрылысын салу» жұмыс жобасы бойынша облыстық бюджеттен 15 944,0 мың теңге қаражат бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуі тиіс болатын. Алайда, жобаның мемлекеттік сараптама қорытындысының мерзімі, сатып алу конкурсының нәтижесі шыққанша өтіп кетуіне байланысты, құрылыс жұмыстары басталмауда.

Қазіргі таңда жобаны нақтылап, (корректировка) мемлекеттік сараптамадан өткізу үшін, аудандық бюджеттен қаражат қарастыру көзделуде.

3

Жамбыл ауылдық округіндегі Шайқорық, Танты, Қоңыртөбе және Шайқорық стансасы елді мекендеріндегі жер асты суларының көтерілуіне байланысты, дренаж каналын тарту

2017 жыл

3 тоқсан

Жамбыл ауылдық округіне 2017 жылы жер асты сулары көтерілуіне байланысты Бесжылдық ауылы көшесіндегі дренажды тазалауға 1 млн. 277 мың теңге және Шайқорық ауылы Полевая көшесіндегі дренажды тазалауға 1 млн. 596 мың тенге қаражат қарастырылып, баға ұсыныстары бойынша жеңімпаз анықталып, жұмыстар жүргізілуде.

        Қоныртөбе ауылы Садовая көшесінде орналасқан дренажды тазалауға 5 млн. 322 мың тенге қарастырылып, сәуір айында конкрусқа беріледі. Бұл қаражат жергілікті өзін-өзі басқару шотынан қарастырылған. Танта ауылындағы дренажды тазалау және Шайқорық стансасындағы Деповская көшесіндегі дренаждын сметалық құжаттары дайындалу үстінде.

 

4

Қаракемер ауылдық округі, Құмтиын ауылындағы «Ильич» атындағы орта мектебіне жөндеу жұмыстарын жүргізу

2017 жыл

3 тоқсан

2017 жылға  Ильич атындағы орта мектеп ғимаратын ағымды жөндеуге 18 млн.580 мың теңге бөлінді.

Ағымды жөндеу тамыз айында басталады.

 

5

Жамбыл ауылдық округі, Бесжылдық ауылынан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізіне  шығатын жолды аудандық мәндегі жолға қосу

2017 жыл

3 тоқсан

Аудан әкімдігінің  2017 жылғы 17 наурыздағы №135 қаулысы шығарылып, Жамбыл облыстық Әділет басқармасында тіркеу жұмыстары жүргізілуде.

 

6

Аса ауылдық округіндегі Жеңістің 30 жылдығы атындағы орта мектебіне жөндеу жұмыстарын жүргізу

2017 жыл

3 тоқсан

Мектеп ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарына 161 млн. теңге облыстық бюджеттен бөлініп, маусым–тамыз айларында жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

 

7

Қаратөбе ауылдық округі, Бектөбе ауылындағы Қ.Рысқұлбеков көшесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу

2017 жыл

3 тоқсан

Бектөбе ауылындағы Қ.Рысқұлбеков көшесінің жөндеу жұмыстарына ашық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүргізілуде. Конкурс 2017 жылдың 15 сәуірінде аяқталады.

 

8

Гродеково ауылындағы орталық көшелеріне жол белгілерін орнату

2017 жыл

3 тоқсан

«ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ-ның Жамбыл облыстық филиалы республикалық мәні бар «Тараз-Утмек-Қырғызстан шекарасы» автожолының бойында қолданыста бар белгілері техникалық жағдайларына байланысты ауыстыру және жаяу жүргіншілер өткелдерін жол жамылғысын жыл сайын жаңартып таңбалау жұмыстары 2017 жылдың сәуір айынан бастап жұмыс жоспарына енгізілетіндігін хабарлады.

 

9

Қызылқайнар ауылындағы Жасөркен орта мектебінің акт залының орындықтарын ауыстыру, музыкалық аппаратурамен қамтамасыз ету

2017 жыл

3 тоқсан

Жасөркен орта мектебінің акт залына музыкалық аппаратура алу  үшін аудандық мәслихаттың сессиясында бекітіліп, мамыр айына қаржы қарастырылды, акт залының орындықтарын ауыстыру үшін білім бөлімі тарапынан мәслихаттың кезекті сессиясына ұсыныс беріледі.

 

10

Көлқайнар ауылдық округі Үкібайұлы Жатқанбай көшесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу

2017 жыл

3 тоқсан

16 млн. 485 мың 850 теңге  бөлініп, жеңімпаз «Виндинк» ЖШС болып анықталып, келісім-шарт жасалынды.

2017 жылдың мамыр-тамыз айлары аралығында жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

 

11

Ерназар ауылдық округіндегі  Абай, Қошманбетов көшелеріндегі электр трансформаторының қуатын арттыру

2017 жыл

4 тоқсан

Ерназар ауылындағы Абай және Қошманбетов көшесінде орнатылған трансформаторды ТМ-160/10 кВа-дан ТМ - 250/10 кВа  ауыстырылып, жұмыстар аяқталды. 

 

12

Тоғызтарау ауылдық округі, Өрнек, Тоғызтарау, Жаңаөткел автомобиль жолын тегістеуге автогрейдер жүргізу

2017 жыл

3 тоқсан

Тоғызтарау ауылдық округіндегі Өрнек Тоғызтарау автомобиль жолдарына грейдер жүргізілді.

 

13

Қарой ауылдық округі, Пригородное ауылындағы Келдіғұлұлы  көшесіне электр трансформаторын орнату

2017 жыл

3 тоқсан

Трансформатордың жобалық-сметалық құжаттары дайын, 3 тоқсанға жоспарлануда.

 

14

Полатқосшы ауылдық округі, Сулейманов көшесіне электр трансформаторын орнату

2017 жыл

3 тоқсан

Полатқосшы ауылдық округі, И.Сулейманов көшесіне электр трансформаторын орнату үшін қазіргі таңда техникалық шарт алынып, сметалық құжат дайындау жұмыстары жүргізілуде.

 

15

Пионер ауылдық округі, Шайдана ауылындағы ауылдық клубына жөндеу жұмыстарын жүргізу

2017 жыл

3 тоқсан

Шайдана ауылдық клубына жөндеу жұмыстарын жүргізуге аудан әкімдігінің білім бөлімі тарапынан ашық конкурс жарияланған болатын. Қазіргі уақытта аталған конкурстың өтпеуіне байланысты қайта конкурс өткізілуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2012
Создано: РПА 5-й элемент