Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Жамбыл ауданы әкімі М.Мұсаевтың есептік кездесуінде түскен ұсыныстар мен пікірлерді орындау бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы (2017 жылдың 1 шілдесіне)

     Жамбыл ауданы әкімдігінің

      2017 жылғы  14 ақпандағы

      №64   қаулысымен бекітілген

 

 

Жамбыл ауданы әкімі М.Мұсаевтың есептік кездесуінде түскен ұсыныстар мен пікірлерді

орындау бойынша іс-шаралар

ЖОСПАРЫ

(2017 жылдың 1 шілдесіне)

Атқарылатын іс-шаралар

Орындалу мерзімі

Орындалуы туралы

Ескертпе

1

2

3

4

 

6

1

Ақбұлым ауылдық округі, Б.Бесбаев атындағы орта мектебі оқушыларын тасымалдайтын автобус сатып алу

2017 жыл

3 тоқсан

Жергілікті бюджеттен 8 698 000 теңге бөлініп, маусым айындағы кезекті бюджет нақтылауда бөлінген қаржы қысқартылды.

Тараз қаласындағы Кірпіш зауыты елді мекенінен 300 орындық мектеп құрылысы жүргізіліп, жаңа мектеп пайдалануға берілуіне байланысты Б.Бесбаев орта мектебіне оқушылар тасымалдауды қажет етілмейді.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                   

 

2

Аса ауылдық округі тұрғындарының малдарын ветеринарлық емдеу-егу жұмыстарына арналған арнайы алаң құрылысын салу

2017 жыл

3 тоқсан

      Жобаның  бағдарлама әкімшісі аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі. Жоба бойынша конкурс өткізіліп, мердігерлер анықталғанымен құрылыс жұмыстары бойынша сараптама қорытындысының мерзімі өтіп кетуіне байланысты жоба қайта түзетуге берілді. 

 

3

Жамбыл ауылдық округіндегі Шайқорық, Танты, Қоңыртөбе және Шайқорық стансасы елді мекендеріндегі жер асты суларының көтерілуіне байланысты, дренаж каналын тарту

2017 жыл

3 тоқсан

Шайқорық станциясының жер асты суларының көтерілуіне байланысты жергілікті өзін-өзі басқару (КСН) бойынша 1  994 000 теңге бөлініп, дренаж каналды тазарту жұмыстары аяқталды. Танта ауылындағы дренаж каналының тазаланатын жердің көлемі үлкен болғандықтан, қаражат жеткіліксіз. Қоңыртөбе ауылындағы дренаж тазартуға  жергілікті өзін-өзі басқару (КСН) бойынша 5 322 000 теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа берілді.

Тапсырма орындалуда.

 

4

Қаракемер ауылдық округі, Құмтиын ауылындағы «Ильич» атындағы орта мектебіне жөндеу жұмыстарын жүргізу

2017 жыл

3 тоқсан

Ильич орта мектебінің ағымды жөндеуге жалпы 27 208000 теңге бөлінді Оның ішінде:

-Ғимараттың шатырын, терезесін  ағымды жөндеуге 9104000 теңге, мектеп ғимаратының 3 қабатын ағымды жөндеуге және ішкі электр жүйесін ауыстыруға                  9 104 000 теңге (мердігер «ТемірАйбархан» ЖШС келісім-шарт бойынша басталуы 01.06.2017ж,  аяқтау 01.07.2017ж)

-Асхана, спорт зал, кіреберіс, ішкі жылу жүйесі, және мектеп ғимаратының сыртын ағымды жөндеуге 9 млн.теңге бөлінді. (мердігер «ЖазБакыт» ЖШС келісім-шарт бойынша басталуы 01.07.2017ж, аяқтау мерзімі 01.08.2017ж)Тапсырма орындалуда.

 

5

Жамбыл ауылдық округі, Бесжылдық ауылынан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізіне  шығатын жолды аудандық мәндегі жолға қосу

2017 жыл

3 тоқсан

Бесжылдық ауылынан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі аудандық мәндегі жолға қосылды.

Тапсырма орындалды.

 

6

Аса ауылдық округіндегі Жеңістің 30 жылдығы атындағы орта мектебіне жөндеу жұмыстарын жүргізу

2017 жыл

3 тоқсан

2017 жылы облыстық бюджеттен Жеңістің 30 жылдығы атындағы орта мектебінің ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарына 161 млн. теңге қаржы бөлінді (мердігер «САФИЯНУР» ЖШС келісім-шарт бойынша жоба құны 154 476 000 теңге, басталу мерзімі 1 маусым,  аяқтау мерзімі  30 тамыз 2017жыл).

 

7

Қаратөбе ауылдық округі, Бектөбе ауылындағы Қ.Рысқұлбеков көшесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу

2017 жыл

3 тоқсан

Бектөбе ауылындағы Қ.Рысқұлбеков көшесіне жөндеу жұмыстарына 9 407 000 теңге бөлініп, жұмыстар аяқталды. Тапсырма орындалды.

 

8

Гродеково ауылындағы орталық көшелеріне жол белгілерін орнату

2017 жыл

3 тоқсан

Гродеково ауылындағы орталық көшеге жол белгілерін орнату мәселесі бойынша жұмыстары белгіленген заңнамалар аясында ішкі істер органы тарапынан анықталып, орындалады.

Тапсырма орындалуда.

 

9

Қызылқайнар ауылындағы Жасөркен орта мектебінің акт залының орындықтарын ауыстыру, музыкалық аппаратурамен қамтамасыз ету

2017 жыл

3 тоқсан

Жасөркен орта мектебіне акт залына орындық сатып алуға жергілікті бюджетке бюджеттік өтінім берілді.

Тапсырма орындалуда.

 

10

Көлқайнар ауылдық округі Үкібайұлы Жатқанбай көшесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу

2017 жыл

3 тоқсан

Үкібайұлы Жатқанбай көшесін жөндеу үшін 16 485 850 теңге бөлініп, «Виндик» ЖШС-гі жемімпаз болып анықталып, 16 321 000 теңгеге келісім-шарт жасалды. Қазіргі таңда жұмыстар аяқталды.

Тапсырма орындалды.

 

11

Ерназар ауылдық округіндегі  Абай, Қошманбетов көшелеріндегі электр трансформаторының қуатын арттыру

2017 жыл

4 тоқсан

Электр трансформаторының қуатын арттыру бойынша Абай көшесінің бас жағындағы трансформаторды Қошманбетов көшесі мен Абай көшесінің қиылысына ауыстырып, орналастырп электр қуатын ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.

Тапсырма орындалды.

 

12

Тоғызтарау ауылдық округі, Өрнек, Тоғызтарау, Жаңаөткел автомобиль жолын тегістеуге автогрейдер жүргізу

2017 жыл

3 тоқсан

Тоғызтарау ауылдық округіне қарасты Құмсуат ауылы  С.Ордабаев көшесіне тас жол төселді, құны 1 948 000 теңге және Тоғызтарау ауылы Жамбыл көшесіне тас жол төселді құны 2 018 000 теңге.

Тапсырма орындалуда.

 

13

Қарой ауылдық округі, Пригородное ауылындағы Келдіғұлұлы  көшесіне электр трансформаторын орнату

2017 жыл

3 тоқсан

Пригородное ауылындағы Келдіғұлұлы  Есмырза көшесіне электр трансформаторын орнату бойынша техникалық сипаты (тех. условия) Жамбыл аудандық электр тарату мекемесімен келісіліп, дайындалды. Қазіргі таңда сметалық құжаттары дайындалған, қолма-қол қаражаттың түсуіне байланысты 2017 жылдың III-тоқсанында конкурсқа беріліп, жұмыстар жүргізіледі.

Тапсырма орындалуда.

 

14

Полатқосшы ауылдық округі, Сулейманов көшесіне электр трансформаторын орнату

2017 жыл

3 тоқсан

Полатқосшы ауылындағы Сулейманов көшесіне электр трансформаторын орнату бойынша техникалық сипаты (тех. условия) Жамбыл аудандық электр тарату мекемесімен келісіліп, дайындалды. Қазіргі таңда сметалық құжаттары дайындалған, қолма-қол қаражаттың түсуіне байланысты 2017 жылдың III-тоқсанында конкурсқа беріліп, жұмыстар жүргізіледі.

Тапсырма орындалуда.

 

15

Пионер ауылдық округі, Шайдана ауылындағы ауылдық клубына жөндеу жұмыстарын жүргізу

2017 жыл

3 тоқсан

Шайдана ауылдық клубына жоспарға сәйкес 2017 жылдың III –тоқсанында ағымды жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Аталған клубқа жалпы сомасы 8199107 мың (сегіз млн. бір жүз тоқсан тоғыз мың бір жүз жеті) теңге аудандық бюджеттен бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу порталы арқылы ойнатылып, жеңімпаз анықталған жоқ.

Тапсырма орындалуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2012
Создано: РПА 5-й элемент