Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Жамбыл ауданының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша комиссия отырысының №3 хаттамалық ШЕШІМІ жобасы

Жамбыл ауданының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша комиссия отырысының

 №3 хаттамалық

ШЕШІМІ

 

Аса ауылы                                                                      21 шілде 2017 жыл

 

Төрағалық еткен: Б. Қазанбасов - аудан әкімінің міндетін атқарушы, комиссия төрағасы.

Қатысқан комиссия мүшелері:  Н. Қарашолақ, Т.Татенов,  

М.Байғабылов, Р.Бегалиев, Б.Ибраимов, Н.Несіпбеков, С.Маханбетқұлов, Қ. Бүрлібаев, Ж. Тоғанбаев.

Шақырылғандар: аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауылдық округтердің әкімдері.

 

КҮН ТӘРТІБІ:

 

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың 2017 жылдың 2 тоқсанында Жамбыл ауданында орындалуы туралы.

 

 

Күн тәртібіндегі мәселені қорытындылап, комиссия ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Жамбыл ауданы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс  

бөлімшесінің басшысы Ж.Телеуовтың хабарламасы назарға    алынсын.

Жамбыл ауданы әкімдігінің «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» хабарламасы назарға алынсын.

2. Аудан әкімінің аппараты, барлық әкімдік бөлім басшылары, ауыл әкімдері, мекеме басшылары (келісім бойынша):

- азаматтарды жеке сұрақтармен қабылдауларды тұрақты жүргізсін;

- Жамбыл облысында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2017 жылға арналған бекітілген  іс-шаралар жоспарының толық орындалуын қамтамасыз етсін;

- Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында аудан тұрғындары мен мекеме қызметкерлерінің арасында құқықтық оқытулар (еңбек ұжымдарында семинарлар, дөңгелек үстелдер, жиындар және аудан тұрғындарымен қоғамдық қабылдаулар өткізу) ұйымдастырылсын;

3. Жамбыл ауданының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша комиссиясы:

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл Агенттігімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыру мақсатында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жазалау мерзімі және сыбайлас жемқорлық фактілері жөнінде хабарлаған адамдарды көтермелеу шаралары туралы мемлекеттік қызметкерлер және аудан тұрғындар арасында кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілсін;

- әрбір мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында кіреберіс есіктері мен ақпараттық стендтерге сыбайлас жемқорлық тақырыбындағы жадынамалар, плакаттар орналастыру жұмыстары жүргізілсін;

4. Осы хаттамалық шешімнің орындалуын  бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы А.Бекбосынға жүктелсін.

 

 

         Комиссия төрағасы                                                           Б. Қазанбасов

 

         Комиссия хатшысы                                                    Е. Қалисаев

 

 


 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2012
Создано: РПА 5-й элемент