Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Латын әліпбиіне көшу — заман тудырған талап

Латын әліпбиіне көшу — заман тудырған талап

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қазіргі біздің қоғам сусап отырған өзекті мәселелер төңірегінде тереңнен толғап, батыл бастамалар көтерді. Жалпы, аталған мақалада ұлттық идеологияның, рухани жаңғырудың маңызды тетіктері атап көрсетілгенін айта кету керек. Соның ішінде ұлттық кодты сақтаудың бір амалы – әліпбиімізді латын әрпіне көшіру. Әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуды мақсат тұтқан қазақстандықтар үшін қазіргідей жаһандану заманында өзіміздің ұлттық болмысымызды сақтап қалудың маңызы айрықша. Себебі, бүгінде дүниежүзінде орын алып жатқан қым-қуыт құбылыстар төндіретін қауіптен сақтану үшін ұлттық бояуымызды жауынға шайдырмай, дауылға ұрындырмай, жаһаннан келер жанама әсерлерге ұлттық ерекшелігімізді қаз-қалпында сақтап қалу арқылы ғана төтеп бере аламыз.

Негізінде латын әліпбиіне көшу – бүгінгі қазақ қоғамына тың серпін беретін кең ауқымды жоба. Бұның тілдің дамуына, ұлттың рухани жетілуіне айтарлықтай септігін тигізетінін тіл мамандары мен ғалымдар растап отыр. Осы арқылы біз әлемдік үдеріске, технология тіліне, қала берді түркі тілдес халықтарға жақындай түсеміз. Әлемдік қауымдастық алдында да беделіміз жазу емлесіне реформа жасау арқылы нығая түседі деген сенімдемін.

Жалпы, бір әліпбиден екіншісіне ауыса салу бір қарағанда қиын шаруа. Бұл – қоғам, мемлекет, тіпті әр азамат бастан өткеретін өте ауыр үдеріс десек те, латыншаға ауысу мәселесіне келгенде кежегеміз кері тартып, енжарлық танытар болсақ, енді бірер жылда уақыт өткізіп алуымыз мүмкін екенін әркім ескеруі қажет. Мемлекет басшысы әліпбиді өзгертудің өте қажет екенін, сонда да болса оны аса байыптылықпен, өз ретімен жүзеге асыру керек екенін атап көрсетуінің сыры осы. Тарихқа үңілсек, біздің осы уақытқа дейін 3 әліпби ауыстырғанымыз жөнінде сыр шертіледі. Әлеуеті мен мүмкіндігі бұдан да төмен, кер заманда да халық соның бәрін еңсеріп, заман ағымына тез бейімделе алды. Ал қазір ол кездегідей аса ауыр қиындық жоқ. Қоғамның да, білім, ғылым саласының да оған толық әлеуеті жетеді деп ойлаймын. Бүгінде орта мектептерде ағылшын тілін бастауыш сыныптардан бастап оқытудың жедел қолға алынуы сондықтан. Бұдан бөлек, қазірдің өзінде өз бетінше латынша жазу-сызуға ден қойып, ағылшын тілін жап-жақсы меңгеріп алған жастар да, аға буын өкілдері де ел ішінде жүр. Осыған қарап-ақ, латын әліпбиіне көшуде жұрт аса қиындыққа тап болады деген қорқынышқа бой алдырудың реті жоқ. Бізді алда жалғыз міндет күтіп тұр. Ол – бүгінде талқылауға ұсынылған латын қарпіндегі емленің кем тұсы болса, ол нұсқаға ақылдаса отырып өзгерту енгізу, ал пісіп тұрған дүние болса, ауызбіршілікпен қолдау білдіру.

Президентіміз өз сөзінде «Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылым және білім беру үрдісінің ерекшеліктеріне байланысты» деген болатын. Осыған қарап, бұның заман тудырған талап екенін пайымдай беруге болады. Ал мемлекет жаңа әліпбиді оқытатын мамандардың сапасына мән беріп, оқу орындарын арнайы оқулықтармен жеткілікті деңгейде  қамтамасыз етсе, нұр үстіне нұр болар еді.

Сөз соңында айтарым, Елбасы мақаласындағы жүзеге асуы тиіс тапсырмалар қоғамның алға жылжуына үміт артып, болашағына сеніммен қарауға, бүгініміз бен болашағымызды қабыстыруға жол бастайды.

 

Белғали СЕРГЕЕВ,

аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы.

 


 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2012
Создано: РПА 5-й элемент