Мазмұны
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>
Банерлер

 

 

 


 

  

 

Жамбыл ауданы әкімі есебі

Акимат Жамбылской области

Жамбыл облыстық әкімшілік блогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Жамбыл ауылдық округінде «Жаңғырудың жарқын жолы жастардың қолында» атты кең көлемді акциясы болып өтті.

         

2017 жылдың 12 қазаны күні Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты Шайқорық орта мектебінде «Жаңғырудың жарқын жолы жастардың қолында» атты кең көлемді акциясы болып өтті. Егемен еліміздің салауатты ұрпақтарын қалыптастыруды мақсат еткен мектеп жастары яғни өнерпаз ұлтымыздың өрендері өз-өнерлерін көрсетіп көңілімізді марқайтты. 

         Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктіліктің арқасында биік белестерге жетеді»,-деп айтқандай «Жаңғырудың жарқын жолы жастардың қолында» екені айтпай ақ белгілі.

         Ел боламын десен, бесігіңді түзе,-дегендей, еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтардың орны бөлек қой. Ал барлық жігер, қайрат, еліміздің болашағы тек жастардың қолында. Елбасымыздың: «Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілу міндеті тұр»,-деп , жастарға зор сенім мен үміт артып отыр.

Жастар еліміздің әлеуметтік, экономикалық және қоғамдық өмірдің барлық салаларына қатыстылығы жағынан алғанда, болашағы зор қоғамның маңызды бөлшегі. Қазіргі таңда жаңа көзқараспен қарайтын жалынды жастардың еліміздің жаңару үдерістеріне белсене қатысып келеді. Еліміздің бүгінгі жастары жаңа жағдайда заманауи мемлекеттің жасап жатқан сындарлы саясатының арқасында алысқа қол сермеп, әлемдік деңгейдегі ұстанымды игеріп, келешектің кілтін өз қолдарына алуда.

Акция барысына

·     Жамбыл облыстық білім басқармасының бөлім басшысы          Дәрібаева Гульзира Лесбайқызы;

·     Жамбыл облысы әкімдігінің Жастар саясатының мәселелерінің басқарма басшысы Матен Мади Мейірбекұлы;

·     Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Әжібаев Айбек Итқараұлы

·     «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы  төрағасының орынбасары Шабден Тоқтасынұлы Тілеумұрат

·     Жамбыл ауданы білім бөлімінің басшысы                             Қожамжарова Раушан Пернешқызы

·     «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының консультанты Көпберген Төленді Жексенбайұлы қатысып оңды іске оң бағасын берді.

             Сонымен қатар жетістіктерімен мақтанатын барлық жастарымызға жиын қонақтары тарапынан марапаттар жасалып мерекелік іс-шара көтеріңгі көңіл-күймен аяқталды. Акцияға 150 мектеп оқушылары мен 27 мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

 


 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2012
Создано: РПА 5-й элемент